Оқиға • 07 Қараша, 2021

Шахтадағы апат: Юрий Ильин 2 кеншінің қалай аман қалғанын айтты

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Абай шахтасында көз жұмған 6 кенші метан газы тараған кезде құтқару құралын киіп үлгермей қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шахтадағы апат: Юрий Ильин 2 кеншінің қалай аман қалғанын айтты

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қарғанды облысындағы онлайн брифингіде осындай мәлімет берді.

«Төтенше оқиға таңғы сағат 8.24-те болғанын айттым. Кенжарда кенеттен метан газы босап шыққан. Біз дачиктерді қарап шықтық. Диспетчерлік қызмет ауадағы метан газының концентрациясы бірнеше есе – 41 пайызға дейін артып кеткенін анықтады. Кенжардағы сегіз адамның алтауы тіпті құтқару құралын киіп үлгермей, сол жерден көз жұмған. Осы шахтаның кіреберіс ауызында болған 2 адам алғашқы құтқару құралдарын киіп үлгергендіктен, ауыр жағдаймен ауруханаға түсті. Әзірге алғашқы мәліметтер осындай. Метан газының босап шығуына не себеп болғанына келсек, оны комиссия анықтайды. Бәлкім қандай да бір технологиялық процестер бұзылды ма, метанның кенет шығуына не түрткі болғанын солар тексереді», деді Юрий Ильин.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20