"Қай дәуірде де қазақ зиялылары өз қоғамында мәртебелі миссиясын атқарып келеді. Мысалы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында қаламгерлер ұлттың рухын көтерді. Ұлт жазушылары жылымық кезеңде (оттепель) ел мүддесімен өзектес шығармаларды өмірге әкелді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында зиялылар халықты береке-бірлікке шақырды, ұлттық құндылықтарды түгендеп, тарихымызды жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Жаңа тарихи кезеңде қазақ зиялыларының ендігі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын қалыптастыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Сіздер – қазақ зиялылары – ұлттың ұлы мақсатына адастырмай апаратын темірқазығы болуларыңыз керек!" - деп атап өтті Қ.Көшербаев.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2020
Қырымбек Көшербаев: Қазақ зиялылары – ұлттың ұлы мақсатына адастырмай апаратын темірқазығы болуы керек
Президенттің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" Қазақстан халқына Жолдауын зиялы қауым өкілдерімен талқылау барысында Мемлекеттік хатшы Қ.Көшербаев Зиялы қауымның жаңа кезеңдегі жаңа миссиясына тоқталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматыда студент сегізінші қабаттан құлап кеткен
Оқиға • Кеше
Мереке • Кеше
Алматы облысында жолдың бір бөлігі опырылып түсті
Алматы • Кеше
Қазақстанның табиғаты Батыс жұртының назарын аударды
Қазақстан • Кеше