Әлем • 13 Шілде, 2020

Армения Үкіметі елдегі төтенше жағдай режимін тағы бір айға созды

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Армения Үкіметінің шешімімен республикада коронавирусқа байланысты наурызда енгізілген төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды, деп жазады Egemen.kz

Армения Үкіметі елдегі төтенше жағдай режимін тағы бір айға созды

Дүйсенбі, 13 шілдеде Армения Үкіметінің кезектен тыс отырысы өтті. Онда ТЖ режимін тағы бір айға - 12 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. ТЖ режимін ұзарту туралы шешім елдегі коронавирус инфекциясының таралу ұзақтығына, сондай-ақ оған қарсы тұрудың тиімді тетіктерін қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген.

Армения денсаулық сақтау министрлігінің ауруды бақылау және алдын алу жөніндегі ұлттық орталығының мәліметінше, елде 32 151 адам коронавирус иинфекциясын жұқтырған. 19 865 пациент сауығып шықса, 11 530 науқас ем қабылдауда. Қауіпті індеттен 573 адам көз жұмған. COVID-19 диагнозы қойылған тағы 183 пациент өзге себептерден қайтыс болды.

Еске сала кетейік, Арменияда коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режимі 16 наурызда бір айға енгізілген болатын. Кейіннен 13 сәуірде Армения үкіметі ТЖ режимін 14 мамырға дейін, содан кейін екі рет - 13 маусымға дейін және 13 шілдеге дейін ұзартқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37