Спорт • 30 Сәуір, 2020

Футбол тарихындағы үздік бапкерлер анықталды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі Four Four Two журналы футбол тарихындағы ең білікті 100 бапкердің тізімін жариялады. Үздіктер көшін атақты маман Алекс Фергюсон бастап тұр.

Футбол тарихындағы үздік бапкерлер анықталды

78 жастағы Шотландияның Глазго қаласының тумасы 1974 жылы бапкерліктің қамытын киіп, өз еліндегі бірқатар клубтарды жаттықтырды. Бір жылдан аса уақыт Шотландияның ұлттық құрамасын баптады. Сексенінші жылдардың бел ортасында «Манчестер Юнайтедтің» тізгінін ұстағаннан кейін оның атағы төрткүл дүниеге мәлім болды.

Ширек ғасырдан аса «Манчестер Юнайтедке» жетекшілік еткен Фергюсон көптеген орасан зор табыстарға қол жеткізді. Сол ерен еңбегі үшін ол 1999 жылы Елизавета ІІ ханшайымның қолынан рыцарь атағын алса, 2002 жылы айтулы азматтың есімі Англия футбол даңқы залына енгізілді.

Сондай-ақ әлемдегі ең үздік «ТОП-10» бапкерлердің қатарына Ринус Михелс, Йохан Кройфф, Билл Шенкли, Пеп Гвардиола, Арриго Сакки, Мэтт Басби, Эленио Эррера, Эрнст Хаппель және Валерий Лобановский сынды майталман мамандар енді.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10