Әлем • 30 Қазан, 2017

Қазақстандықтар панкратионнан әлем чемпионы атанды

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ММА ұлттық федерациясының, ҚР панкратион және грэпплинг өкілдері Дәурен Ермеков пен Нұрбек Қабдрахманов Ресейдің Сочи қаласында «элит» дәрежесі бойынша ересектер арасында панкратионнан әлем чемпионы атанды. 

Қазақстандықтар панкратионнан әлем чемпионы атанды

Бұл туралы Фейсбукте «ALASH PRIDE» клубы хабарлады. ММА, панкратион және грэпплинг бойынша әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін күміс және қола жүлдегері Дәурен Ермеков 84 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ол ақтық сында ресейлік қарсыласын аяқпен теуіп, нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды.

Нұрбек Қабдрахманов 66 келі салмақ дәрежесінде төрт қарсыласынан да басым түсті. Олардан бөлек, Гамлет Асанов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. 

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37