Қазақстан • 27 Маусым, 2017

Астанадағы сириялық келіссөздерге қатысатын АҚШ өкілі белгілі болды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздер барысында осы елді таныстыратын өкілін атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

Астанадағы сириялық келіссөздерге қатысатын АҚШ өкілі белгілі болды

«Астанада 4-5 шілде аралығында өтетін сириялық келіссөздерде АҚШ-ты Мемлекеттік хатшының Таяу Шығыс істері жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Стюарт Джонс таныстырады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан астанасындағы Сирия жөніндегі келіссөздер төрт кезеңнен өтті (23-25 қаңтар, 15-16 ақпан, 14-15 наурыз және 3-4 мамыр). Төртінші раундтың нәтижесі бойынша кепілгер-елдер - Ресей, Иран және Түркия - Сирияда қауіпсіздік аймағын құру туралы меморандумға қол қойды. ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов кезекті раундты қорытындылай отырып, Астана процесінің басты мақсаты елдегі қан төгісті тоқтату екендігін атап өтті. 

 

Соңғы жаңалықтар