Мансура Хайдар, Индира Ганди атындағы Ұлттық мәдениет орталығының профессоры (Үндістан):
– Бүгінгі Қазақстан – прогресшіл идеялар, инновациялар мен интеграциялар үшін ашық мемлекет. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген идеялары қазіргі заманғы ғылыми ізденістердің өзегіне, әрі қарайғы саяси-әлеуметтік, мәдени дамудың іргетасына айналып отыр. Бүгінгі форум тақырыбы ретінде көтеріліп отырған Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы халықаралық-саяси және практикалық мәні жағынан аса өзекті. Бағдарламада қойылған міндеттер мен құнды ойлар парасын қазіргі аймақтық интеграция мен жаһандану жағдайындағы еуразия толеранттығының ғылыми-тарихи негізі деп айтуға болды. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі ауқымды форум аясында ғалымдар мен зерттеушілер ғылыми жаңалықтары мен жетістіктерімен бөлісуге таптырмас мүмкіндік туып тұр. Сонымен бірге, түркі әлемін зерттеу саласындағы тәжірибелерді жинақтап, идеялармен алмасу және іргелі бағыттарды анықтауға мүмкіндік беретін платформаға айналып отыр.
Мен өмірімнің 55 жылын түркі әлемін меңгеруге арнадым. Мен әлемнің талай жерін аралап, түркі әлемі туралы лекция оқи жүріп, әлемнің көптеген кітапханаларында қызмет істедім. Түркілердің елі мен жері, мәдениеті мен дәстүрі, ғұрпы қандай деген сан сауал әлем назарында. Әлемде түркі тарихына, түркі әлемі мен мәдениетіне деген үлкен қызығушылық бар.
Ая ӨМІРТАЙ,
«Егемен Қазақстан»