Елорда • Бүгін, 16:31

Елордада самокаттардың тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесі енгізілмек

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада электрлі самокат жүргізушілері жіберетін құқықбұзушылықтарды тіркейтін интеллектуалды бейнебақылау жүйесі іске қосылады. Бұл туралы елорда Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елордада самокаттардың тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесі енгізілмек

Жоба аясында құқық қорғау органдары мен «Сергек» компаниясының мамандары бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда құқықбұзушыларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін мемлекеттік тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесі әзірленіп жатыр. Аталған жүйе айыппұл салуға арналған материалдарды автоматты түрде есептейді.

Ведомство мәліметінше, цифрлық технологиялар мен сәйкестендіру жүйесін енгізу құқықбұзушылықтарды тиімді анықтауға, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және пайдаланушылардың тәртібін арттыруға мүмкіндік береді.

Тәулігіне 690 доллар табыс: Электросамокат арқылы жасалған алаяқтық әшкере болды

Бүгінде елордада 10 мыңнан астам электрлі самокат бар, оның шамамен 8 мыңы белсенді қолданыста. Соған сәйкес, бұл көлік түріне қатысты құқықбұзушылықтар мен жол апаттарының саны да артып келеді. Жыл басынан бері 45 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 50 адам түрлі жарақат алған.

Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді

1 шілдеден бастап заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Оған сәйкес, электрлі самокаттар жол қозғалысына қатысушы ретінде ресми түрде танылады. Атап айтқанда:
– жүргізушілер қараңғы уақытта шлем киіп, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалануға міндеттеледі;
– жолаушы тасымалдау, пайдалану қағидаларын бұзу және кәмелетке толмағандардың самокат басқаруы үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі;
– веложолдармен, веложолақтармен және жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат беріледі;
– 18 жасқа толмаған тұлғаларға жүргізуші куәлігінсіз жолдың жүріс бөлігіне шығуға тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар