Жалпы құны 131,9 миллион теңгені құрайтын жұмысқа жергілікті бюджеттен 30,3 миллион теңге, Арнайы мемлекеттік қордан 97,8 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстарымен «Каэ Элит Строй Сервис» ЖШС-і айналысты. Екі жылда салынып, заманауи талаптарға сай жабдықталған емдеу мекемесінен ауыл тұрғындары ендігі жерде алғашқы медициналық көмекті толық көлемде ала алады.
Тоғыз ауылының тұрғыны, медицина саласының ардагері Қаламқас Жұмашева ауылдастарының емдеу мекемесінің салынғанына риза болғанын жасырмады. Өйткені, теміржол бойындағы осы ауылда 40 жылдан астам емдеу мекемесі болмағандықтан, тұрғындар Шалқар ауданының орталығына қатынап келген еді. Бұл Ақтөбе облысында қайтарылған қаржы есебінен елді мекендерде салынуға тиіс медициналық он бір нысанның бірі. Байғанин ауданының Ноғайты, Алға ауданының Маржанбұлақ, Мұғалжар ауданының Мұғалжар, Қайыңды, Жарық, Ырғаз ауданының Нұра, Жарма, Қобда ауданының Бегалы, Шалқар ауданының Шоқысу, Сарысай ауылдарында амбулаториялар мен медициналық пункттер салынуға тиіс болса, он нысан былтыр пайдалануға берілді.
Аида Балаева: Мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көлемі сақталады
Ақтөбе облысы