Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Boxing News журналының мұқабасына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Журналдың мұқабасында Головкиннің төрт чемпиондық белбеуімен түскен суреті бейнеленген. Журналдың бұл шығарылымы қазақстандық боксшы мен америкалық Дэниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жекке арналып, "Storm warning" ("Дауылды ескерту") деген атаумен шыққан. Сонымен қатар шығарылымда бұл кездесудің GGG-ге неліктен қиынға соғатынын және Джейкобстың неліктен жеңімпаз атануы мүмкін екені жазылған.
Бір айта кетерлігі, Boxing News журналы 1909 жылдан бастап шығады.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. Жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляция 19 наурыз күні 08:00-де басталады.
• 15 Наурыз, 2017
Головкин Boxing News журналының мұқабасына шықты

Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады
Қоғам • Бүгін, 09:05
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Білім ошағындағы бірегей думан
Мектеп • Бүгін, 08:00
Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады
Білім • Кеше
Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше