Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарқаралы ауданының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді. «Жыл сайын су тасқыны осы жерден басталатындықтан, арнайы келіп отырмыз. Өзен осы жерден басталады. Жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асырудың барысымен танысамыз. Біздің міндетіміз – төтенше жағдайларға жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», деді өңір басшысы.
Облыс әкімі, сонымен қатар, су басу қаупі бар Қарқаралының бірнеше ауылын аралады. Облыс әкімі Нұра өзенінің бойындағы Ынталы ауылының жағдайымен танысты. Көктас ауылына жақын маңда Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтовтың ағымдағы жағдай мен қабылданатын шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Облыс әкімі, сондай-ақ, Тегісшілдік ауылының жанындағы Жарлы өзенінің жағасын қарады.
Сонымен қатар, Нұрмұхамбет Әбдібеков қардың астында қалу қаупі бар Бүркітті ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 50 жылдан бері мұндай қалың қар жаумаған. Аудан басшысы қар шығару жұмыстары ұйымдастырылғанын, жұмыстарға арнайы техниканың тартылғанын хабарлады.
Осы ретте Қарағанды облысында «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автокөлік жолының учаскесінде ұзындығы 94 шақырым жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жобаға жол астындағы су өткізу құдықтарын ауыстыру да енгізілген. Сондай-ақ, Матақ ауылын қызыл судан қорғайтын бөгеттің құрылысы қарастырылған. Жобаның жалпы құны – 499 млн теңге. Жұмыстар 2017 жылға жоспарланған.
«Бүгін белгіленген жұмыстар кешенінің іске асырылып жатқанын көрдік. Қосымша күшейтуді қажет ететін жайттар бар. Сақтансаң – сақтайды демекші, биылғы қызыл судың қарқыны былтырғыдан кем болмауы мүмкін», деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Жалпы, облыстың 2017 жылғы су тасқынына дайындығы жоспарлы түрде өтіп жатыр. Материалдық және қаржылық қор жасалған.
Мирас АСАН,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы

Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55