Демократия жолындағы қарышты қадам
Біздер, заңгерлер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конституциялық реформаларды талдап, оған қызығушылық білдіріп келеміз. Бұл реформаның басты мақсаты билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу болып табылады. Дәлірегі, Президенттің бірқатар өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке беру арқылы, атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің халық алдындағы жауапкершілігін күшейту басты назарда. Жалпы, аталған реформа атқарушы билікті уақыт талабына сай құруға, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елді жоғары деңгейде дамытуға жол ашады. Елдегі саяси жүйе, институттар, компаниялар уақыт талабына сай бейімделуі тиіс. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қол қойып бекіткен жаңартылған Конституция енді өмірдің өзі күн тәртібіне шығарған міндеттерді жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады. Реформа бойынша, экономикалық-әлеуметтік саланың жұмысы Президент құзыретінен Үкіметке берілді. Бұдан бөлек, жергілікті әкімдіктердің де жауапкершілігі күшейтіліп отыр. Бұл өз кезегінде атқарушы билік пен халықтың арасын жақындата түседі. Қалай десек те, Қазақстандағы конституциялық реформа дер кезінде жүзеге асырылды деп санаймыз. Ол өзінің жемісін беретін болады. Бұл – ақылмен ойластырылған, халықаралық тәжірибелерге сүйенген, өзіндік бағыты, сипаты бар реформа. Осы реформалар аясында атқарылып жатқан шаралардың барлығы Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына, жаңғыруына, мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа тиімді тәсіліне көшуге мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның демократия жолындағы қарышты қадамы. Жоан Мануель ТРАЙТЕР, Испания Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Жирон университеті жария құқық кафедрасының профессорыМұхтар Шахановтың қазасына байланысты рәсімдер өтетін орындар анықталды
Тұлға • Бүгін, 21:51
Оқушылар медициналық көмексіз қалған: Жетісу облысында мектептер тексерілді
Оқиға • Бүгін, 21:31
Оңтүстік Кореяда болған митингте бір адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 20:55
Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Спорт • Бүгін, 20:36
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет • Бүгін, 19:59
Кітап оқуға құштарлық: Қостанайдағы кітапханашылар әулетінің өнегесі
Аймақтар • Бүгін, 19:33
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Бүгін, 18:53
Аида Балаева Мұхтар Шахановтың неге Арыстан баб кесенесіне жерленбейтінін түсіндірді
Тұлға • Бүгін, 18:24
Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Алматыда өтеді
Тұлға • Бүгін, 17:57
Әскери қызметшілердің ақшалай үлесі мен жәрдемақысы: Ережеге қандай өзгерістер енді?
Әскер • Бүгін, 17:55
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Бүгін, 17:48
Мейірім Нұрсұлтанов уақытша чемпион атағы үшін айқасады
Спорт • Бүгін, 17:33
Астанада бір жылда бейнебақылау камераларының саны екі есеге артты
Елорда • Бүгін, 17:26
Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55