Мемлекет басшысының Ұлт жоспары – 100 нақты қадамында белгілеп берген тапсырмаларын ескере отырып, 69-қадамға сәйкес, Астана Еуразия кеңістігіндегі маңызды орталыққа айналуы тиіс. Астана жайлы және жаһандық қалаға айналуы керек. Елорда әкімдігі аса өзекті өтініштерді құрылымдап, бар мәселелерді шешу бойынша алдағы 3 жылға нақты шаралар кешенін әзірледі, олар 2016-2020 жылдары Астана қаласын дамыту бағдарламасын түзету кезінде ескерілді. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев қала халқымен есеп беру кездесуінде мәлім етті.
«Біз қаланың әр ауданы бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргіздік, «109», «Әкімдіктің бірыңғай электрондық өтініштер жүйесін» талдадық. Менің әлеуметтік нысандарды аралау, аудандар әкімдерінің халықпен есептік кездесулері, Ашық есік күндері және «Нұр Отан» партиясы филиалының желісімен өткен шаралар барысында 50 мыңнан аса сұрақ және өтініш түсті», – деді қала әкімі.
«Белсенді азамат-2017» Ашық есік күнін өткізу шеңберінде Астана қаласының әкімдігіне 2845 жазбаша және 2357 ауызша өтініш түсті. Шараға 3312 елорда тұрғыны мен қонақтары қатысты. 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында аудандардың әкімдері Астана қаласының халқымен 22 есептік кездесу өткізді. 6589 адам қамтылды. Түскен сұрақтар/өтініштердің саны – 939, соның 553-і – жазбаша, 386-і – ауызша. Сонымен бірге, әлеуметтік зерттеулер, әлеуметтік желілердегі өтініштерге мониторинг жүйелі түрде жүргізіледі. Барлық салаларда әрбір мемлекеттік органның міндеттері мен мақсаттары анықталған», – деді Әсет Исекешев.
«Түзетілген бағдарламаның басты басымдығы – қала тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін арттыру. Бұл бағыттағы жұмыс 2 міндетті шешуге бағдарланады: білім, денсаулық сақтау салаларында көрсетілетін қызметтердің деңгейін көтеру, қоғамдық көліктің жұмысын, экологияны, қауіпсіздікті, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, азық-түлікпен қамту арқылы өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізілмек. Халық кірістерінің өсуіне жаңа экономикалық стратегия арқылы, жеке инвестицияларды тарту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы қол жеткізілмек», – деді әкім.

Екібастұздағы негізгі электр станцияларының қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Келуші мейрамханадағы дәмсіз әрі шикі тағамның ақысын төлеуден бас тарта ала ма?
Қоғам • Бүгін, 15:41
Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі
Сауда • Бүгін, 15:36
«Суға батты»: Астанада полицияны алдаған екі азамат жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Нитрат пен химия: Ерте піскен жемістердің денсаулыққа зияны бар ма?
Сұхбат • Бүгін, 15:15
Алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 15:06
Алматыда 29 жастағы жігіт кинотеатрда көз жұмды: Полиция тексерісті бастады
Оқиға • Бүгін, 14:45
Атырауда балабақшада жұмыс істеген зейнеткерлерге жалақы төленбеген
Қоғам • Бүгін, 14:21
Зейнетақы қаржысының үй мен емге алынатын сомасы азаюы мүмкін
Қаржы • Бүгін, 14:07
ЖИ арқылы жасалған отандық фильм Канн кинофестивалінде көрсетілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:54
Александр Бублик Швейцариядағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Теннис • Бүгін, 13:43
Токио губернаторы Қазақстандағы іргелі реформаларды жоғары бағалады
Президент • Бүгін, 13:35
Тек SMS келеді: Қазақстанда автоқоңырау жүйесіне тосқауыл қойылмақ
Парламент • Бүгін, 13:20
WhatsApp желісінде топ құрған: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Қылмыс • Бүгін, 13:11
Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 12:52