Тәттімбет таршылық көріп тұр. Қарағандыда осыдан 65 жыл бұрын іргетасы қаланып, ұлы күйшінің аты берілген өнер колледжінің әлі күнге дейін ғимараты жоқ. Колледж көшпенділердің күйін кешуге мәжбүр. Қазір бұрынғы қан орталығында отырған оқу орны осы уақытқа дейін 4 ғимарат ауыстырыпты. Көшіп-қонып жүргенде қаншама аспаптар сынған... Кеңжайлау күйлерді тар бөлмеде мехнатты азаппен бірге тартып отырған өнер иелеріне обал-ақ... Ұстаздар мен студенттердің айтуынша, шырқай ән салып, шыр айнала билеуге құрқылтайдың ұясындай тар ғимарат тіпті де қолайсыз. Музыкалық аспаптарды орналастыру, сахна жасақтау, көрермен тарту және ең маңыздысы, бір-біріне бөгет жасамай дәріс алу мүмкін емес. Әрі бұл орын өнер колледжіне қойылатын санитарлық-техникалық, эпидемиологиялық талаптарға өрескел қайшы. Ғимараттың тар дәліздерінде ауыр музыкалық аспаптарды алып жүруді былай қойғанда, екі адамның қатар жүруі де мұң болып тұр. Ал сынып жетпей қалған студенттер осы дәлізде тұрып дәріс алуға, емтихан сынақтарына дайындалуға мәжбүр.
Колледж басшылығы тар кабинеттерді біріктіріп, кеңейткен. Бірақ әу баста өзге салаға бейімделіп жасалған ғимараттың жайы келіспей тұр. Тәттімбет атындағы өнер колледжі үрмелі аспаптар оркестрінің дирижері Қайыржан Қасымовтың айтуынша, дыбыстар гуілдеп, шығармалардың таза орындалуына кедергі келтіреді екен. Әрі дәл іргедегі өзге сыныптардағы сабақтарға бөгет жасайды. Сахна деген атымен жоқ. Есесіне емтихан, академиялық концерттер осында өтеді. Әрине, талапқа сай келмейді. Бірақ басқа амал да жоқ.
− Бізде 500-ге жуық студент бар. 19 мамандық бойынша шәкірт тәрбиелеп отырмыз. Театр әртістері, мәдениет қызметкерлері, кәсіби әнші-күйшілер мен кітапханашыларға білім ұстартып келеміз. Бір кем дүние – ғимарат. Осы жағдайда отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге тырысамыз. Былтыр сырттан бақылау рейтингісі бойынша республикада Тәттімбет колледжі бірінші орын алды. Біздің де концерт бергіміз, дамығымыз келеді. Бірақ, репетиция жасайтын орын жоқ. Білім басқармасы дыбыс студиясын, интерактивті тақта бермекші. Оны қайда орнатпақпыз? Тәжірибелік сабақтар жатақханада, қаладағы театрларда өтеді. Биыл колледждің құрылғанына 65 жыл толады. Түйткілді мәселені оңтайлы шешуге облыс басшылығы қам жасап жатыр дейді. Ғимарат беріліп жатса, – үлкен той сол болмақ, – деді колледж директоры, белгілі әнші Мейірхан Адамбеков.
Бұл бірнеше жылдан бері шешімін тапай келе жатқан мәселе. Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Нұрлан Дулатбеков ғимараттың жағдайы адам шошырлық екен. Бұл Қарағандының мәдени мұрасы емес пе? Сондықтан, өте өкінішті. Біз мәселені Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрліктерінің алдына қойып, түбегейлі шешуге атсалысамыз. Өйткені, Тәттімбет колледжінің мүшкіл халі бәрімізді алаңдатады. Таяу арада жаңа ғимаратқа көшірілуі үшін табанды жұмыс жүргіземіз, деп уәде беріп отыр.
Жағдай осылай болса-дағы, соңғы 5 жылда колледждің 40-тан астам студенті халықаралық байқауларда бақ сынап, жүлделі орындардан көрінген. Ән орталығын қан орталығынан жаңа ғимаратқа дереу көшірсек, алдағы уақытта бұл жетістіктердің еселене түсетініне күмәніміз жоқ.
Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»
ҚАРАҒАНДЫ

Екібастұздағы негізгі электр станцияларының қысқы маусымға дайындығы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Келуші мейрамханадағы дәмсіз әрі шикі тағамның ақысын төлеуден бас тарта ала ма?
Қоғам • Бүгін, 15:41
Елімізде сатушылардың үстінен QR-код арқылы шағымдану жүйесі енгізіледі
Сауда • Бүгін, 15:36
«Суға батты»: Астанада полицияны алдаған екі азамат жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:27
Нитрат пен химия: Ерте піскен жемістердің денсаулыққа зияны бар ма?
Сұхбат • Бүгін, 15:15
Алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 15:06
Алматыда 29 жастағы жігіт кинотеатрда көз жұмды: Полиция тексерісті бастады
Оқиға • Бүгін, 14:45
Атырауда балабақшада жұмыс істеген зейнеткерлерге жалақы төленбеген
Қоғам • Бүгін, 14:21
Зейнетақы қаржысының үй мен емге алынатын сомасы азаюы мүмкін
Қаржы • Бүгін, 14:07
ЖИ арқылы жасалған отандық фильм Канн кинофестивалінде көрсетілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:54
Александр Бублик Швейцариядағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты
Теннис • Бүгін, 13:43
Токио губернаторы Қазақстандағы іргелі реформаларды жоғары бағалады
Президент • Бүгін, 13:35
Тек SMS келеді: Қазақстанда автоқоңырау жүйесіне тосқауыл қойылмақ
Парламент • Бүгін, 13:20
WhatsApp желісінде топ құрған: «ENVIDA AI» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды
Қылмыс • Бүгін, 13:11
Қазақстан мен Гонконг қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 12:52