Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский келесі жекпе-жек қашан өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы allfight.ru хабарлады.
«Фируза 1 сәуір күні Мәскеудегі «Бокс академиясында» кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл титулды айқас болуы мүмкін. Әзірге бұл мәселе толық шешілмеді. Себебі, бұл жерде көп нәрсе қаржыға келіп тіреліп тұр. Егер демеушілеріміз табылып жатса, титулды кездесу болары анық. Егер мақсатымыз орындалмай жатса, 8 раундтан тұратын рейтингтік ұрыс өткіземіз. Ал келесі айқасымыз міндетті түрде титулды болады. Уақытымызды жоғалтпай, осы көктемде алғашқы чемпиондық белбеуге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Завилейский.
«Шәріпованың айқасын Ресейдің «Бокс ТВ» және «Боец» арналары көрсетеді. Алдағы күндері қазақстандық телеарналармен келіссөздер жүргіземін. Мәселен, кіші Флойд Мэйуезер ShowTime арнасымен бірлескен болса, Головкиннің HBO-мен келісімшарты бар. Міне, дәл солар сияқты қазақстандық белгілі бір каналмен келісім жасауды жоспарлап отырмын. Егер олар жекпе-жек трансляциясын сатып алуға келіссе, біз бокс кешін ұйымдастыруға дайынбыз», – деді менеджер.
«Фируза қазір жоғары деңгейде дайындалып жүр. «Бокс академиясының» бапкері Сергей Кубышевпен тыңғылықты жаттығу жасап жүр. Дайындығына қарап көп ұзамай чемпион атанады деген сеніміміз бар. Ол үшін аздап қаржыдан қиналып отырмыз. Ал қалғанының бәрі бізде бар», – деді Сергей Завилейский.
Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері қазіргі уақытта Мәскеуде жаттығу жиынында Сергей Кубышевпен жаттығу жасап жүр. Соңғы ұрысын 24 қыркүйек күні Алматыда Сербия чемпионы Милена Матовичпен өткізіп, үшінші раундта нокаутпен жеңген.

«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40
30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты
Университет • Бүгін, 16:32
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Қоғам • Бүгін, 16:20