Сыр маржаны шетелде жоғары сұранысқа ие. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев тұрғындармен есепті кездесуінде баяндады.
Әкімнің айтуынша, Тұрақты даму тенденциясы агроөнеркәсіп секторында да байқалады. 2016 жылы ауыл шаруашылығы саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 еседен артық өсті. Бұдан бөлек, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерейлі мерекесі қарсаңында Сыр күрішшілері ел тарихында күріштің әр гектарынан 56 центнер, ал, жекелеген шаруашылықтар 80 центнерге дейін өнім жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді.
- Соңғы 3 жылда күріштің жалпы жиынтық өнімі үштен бір бөлікке көбейді (32 пайыз), бұған дақыл көлемін ұлғайтудан емес, қайта күріш сорттарының өнімділігін арттыру есебінен қол жетіп отыр. Біз облыс тарихында алғаш рет ауыл шаруашылығы өнімдерін тарату нарығына кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізіп және оны аграрлық сектордың мүмкіндік әлеуеттерімен байланыстырдық. Осы зерттеулердің негізінде облыстың 2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың агрокартасы жасалды,- деді облыс әкімі кездесу барысында.
Облыста ауыл шаруашылығын дамытудың 2020 жылға дейінгі Агрокартасында негізгі міндет ретінде экспорттық әлеуетті арттыру айқындалып, өнімдерді тарату нарығын кеңейту арқылы Парсы шығанағы елдеріне (Иран, Біріккен Араб Әмірліктері), Орталық Азияға (Қытай) және Шығыс Еуропаға шығу көзделген.
- Алғашқы кезекте біз негізгі дақылымыз күріш үшін жаңа нарықтарды игере бастадық. Қазір Қытайға 20 мың тонна күріш жөнелту бойынша келіссөздер жүргізілуде, Түркия мен Англияға күріш өткізу мәселелері қарастырылуда. Эмбарго алынғаннан кейін бізге Иранның үлкен рыногына жол ашылды. Бұл мемлекет жыл сайын 5 млн тоннаға дейін күріш тұтынады, оның тең жартысын сырттан тасымалдайды. Осы нарықты игеру мақсатында 2016 жылы Иран елінде үлкен сұранысқа ие «Тором Хошеми» күріш сортын тәжірибелік негізде өсірдік. Иран кәсіпкерлері бізден күріш сатып алатын болды, тіпті, өндірісті қаржыландыруға әзір екендерін білдірді. Бұл жөнінде біз 1 ақпанда Мазандаран провинциясының басшылығымен болған кездесу барысында келісімге келдік,- деді облыс әкімі.

«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40
30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты
Университет • Бүгін, 16:32
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Қоғам • Бүгін, 16:20