Орталық коммуникациялар қызметінде жақында ғана бокстан әлем чемпионы атағын жеңіп алған Жанат Жақияновпен кездесу өтті.
Ол 11 ақпанда АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренмен кездесіп, жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша чемпион атағын жеңіп алған еді. Осыған байланысты боксшы баспасөз мәслихатын өткізіп, АҚШ-та өткен жекпе-жек туралы әңгімелеп берді.
Кездесуде Жақиянов Роуши Уорренмен айқастың оңай болмағанын, жекпе-жектің барлық раундтарында жаттықтырушысы Рикки Хаттонның ақыл-кеңестерін тыңдап, қарсыласына ешқандай мүмкіндікті бермеуге тырысқанын айтты.
«Менің қарсыласым осал болған жоқ. Ол кезінде WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын иеленген. Осы кездесуде Уорреннің атағын жеңіп алдым. Бірінші раундта Уорреннің соққыларының жойқын болатынын білгенмін. Рингке соған дайындалып шықтым. Жекпе-жектің басында екі рет нокдаун алып қалдым. Бірақ, кездесуді өзімнің қолыма алып, соңына дейін жеткіздім. Ел намысы сынға түсіп жатқанда жеңілу дегенді білмеймін, білгім де келмейді. Содан болар, жекпе-жекте арқам қызып, Уорренді қуалап жүріп сабағым келді. Ол бесінші бұрыш іздеп кеткенде босаңсымай, ішімнен шаруаны сол жерде шешу керек деп шештім. Шаршы алаңда айқын басымдықпен жеңгенімді сездім. Қазылар алқасы да маған басым дауыспен баға берді», – деді ол.
Брифингте Жақиянов осы айқасқа WBA және IBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Рикки Хаттонның жетекшілігімен дайындалғанын, жаттығулардың бәрі Ұлыбританияда өткенін айтты.
«Рикки Хаттон тамаша жаттықтырушы. Мен оның командасымен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келемін. Ол 2007 жылы кәсіпқой боксқа келгенімде мені байқап, өзіне шақырды. Содан бері осы кезге дейін 28 жекпе-жек өткізіп, 27 рет жеңіске жеттім. Біздің жаттығулар Ұлыбританияда өтеді. Онда бәрі жақсы ұйымдастырылған. Мысалы, соңғы жекпе-жекке 10 апта дайындалдым», – деді Жанат Жақиянов.
Сонымен бірге, ол шетелден шақыртулар келіп жатса ешқайда кетпейтінін, керісінше, өзіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жатқан Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық спорт басқармасына алғысын білдірді.
«Мен ешқайда кетпеймін. Кеткім де келмейді. Кетпеймін де. Менің Отаным – Қазақстан. Қазақ елінің намысын қай жерде болса да жыртып, аспан түсті туымызды биіктен желбіретіп жүремін. Қазір Петропавл қаласында облыстық балалар және жасөспірімдерге арналған мектеп-интернатта жаттықтырушы болып қызмет етемін. Биыл біздің мектептің үш тәрбиеленушісі спорт шебері атанды. Алдағы кезде де спорт ордасынан талай жас талантты боксшылардың түлеп шығатынына сенімдімін. Қазір облыста боксқа барғысы келіп жүрген балалар көп. Мұның бәрі облыс әкімі мен спорт басқармасының спорт мектептеріне көрсетіп жатқан қолдауының арқасы», – дейді боксшы.
Кездесу соңында Жақиянов келесі қарсыласы Джеймс Макдоналдстің болуы мүмкін екенін айтты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40
30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты
Университет • Бүгін, 16:32
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Қоғам • Бүгін, 16:20