Аймақта жергілікті шикізатты өңдейтін, өнімдері әлемдік нарықта сұранысқа ие болатын бірқатар кәсіпорындар салынуда. Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 15 ақпандағы халықпен есеп беру кездесуінде хабарлады.
2016 жылы екі бірдей цемент зауыттарының құрылысы басталды. Жаңақорған ауданында құрылыс цементі өндірісі және Шиелі ауданында тампонажды цемент өндірісі. Бұл екі жоба бойынша инвестицияның көлемі 74 млрд теңгені құрайды. Оларды жүзеге асыру шамамен 400 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Зауыттарды 2018 жылдың басында іске қосу жоспарланған.
«Арал қаласында «Аралтұз» акционерлік қоғамымен қуаттылығы 300 тонналық кальцийлендірілген сода зауытының құрылыс жобасын жүзеге асыруға «Қазақстан Даму банкі» арқылы қаржыландыру мәселелері шешілді. Бұл еліміздің барлық қажеттіліктерінің 75 пайыз өтейтін республикадағы бірден бір заманауи кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт болмақ. Айтқандай, индустрияландыру Картасы аясында өндіріске испан цехының іске қосылуы нәтижесінде «Аралтұз» бүгінгі таңда өз өнімінің 60 пайызын шет елге экспорттуда. Соңғы екі жылдың өзінде зауыт Ресейдің ас тұзы нарығының 12 пайызын иеленді. Ал, 2016 жылы кәсіпорын ас және техникалық тұз шығаратын екінші цехты іске қосты. Нәтижесінде, құрғақтылығы нөлдік ас тұзын өндіру көлемі жеті есе ұлғайды. Шығарылатын өнімдердің түрі көбейді және қосымша 200-ден астам жұмыс орны құрылуда», – деп мәлімдеді облыс әкімі.
Қызылорда қаласының индустрияландыру аймағында үшоксидтік молибден өндірісі бойынша («Тримо» ЖШС) кәсіпорын жұмысын бастайды. Кәсіпорынның өнімдері атом энергетикасы мен авиациялық-ғарыштық техникада, микро және оптоэлектроникада пайдаланылады. Осы орайда, өнімдерді Жапонияға экспорттау жоспарлануда.

«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40
30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты
Университет • Бүгін, 16:32
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Қоғам • Бүгін, 16:20