Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Новосібірдің «Сибирь» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті.
Кездесудің 8-минутында «Сибирь» хоккейшісі Кирилл Ворабьев қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Алайда, барын салып, алға ұмтылған астаналықтар 14-минутта-ақ таразы басын теңестіріп үлгерді. Бұл ретте Дастин Бойдтың соққысына қонақтар қарсы тұра алмады.
Осыдан кейін қалған екі кезеңде бірқатар шабуыл ұйымдастырылғанмен, есеп өзгеріссіз қалды. Дегенмен, овертаймда Найджел Доус мергендігімен танылып, командасына жеңіс сыйлады.
Қоржынында 89 ұпайы бар «Барыс» «Шығыс» конференциясында 5-орында келеді. Ал 9-орында тұрған «Сибирьмен» қазір он ұпай бөліп тұр. Демек, Эдуард Занковец шәкірттері қалған екі кездесуде жеңілсе де, плей-офф кезеңінен шет қалмайды. Ертең елордалықтар Новокузнецкінің «Металлург» ұжымымен күш сынасса, 18 ақпанда «Авангардты» қабылдайды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта плей-офф кезеңіне он команда өтіп тұр. «Батыс» конференциясында – СКА, ЦСКА, «Локомотив», Мәскеудің «Динамосы», «Торпедо» және Минскінің «Динамосы», ал «Шығыста» – магнитогорлық «Металлург», «Авангард», «Ак Барс», «Трактор» және «Барыс».

«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40
30 жылдық белес: ЕҰУ жаңа даму кезеңіне қадам басты
Университет • Бүгін, 16:32
Тауармен бірге жоғалып кетеді: Елімізде жеткізу қызметіне қатысты шағымдар жиілеген
Қоғам • Бүгін, 16:20