Қостанайда бірінші рет «Екі жұлдыз» музыкалық фестивалі өтті. Оған 16 жұп әнші қатысты. Бұл облыстық ардагерлер кеңесінің 30 жылдық тойына арналған шаралардың бірі болатын. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебек Үкин бұл жобаны осыдан үш жыл бұрын рудныйлықтар бастағанын айтады. Алдымен оған қатысуға тілек білдіргендер екі-үшеуден аспапты, кейін олардың қатары көбейе түскен.
– Рудный қаласының бастамасын біз де қолдап, Қостанай қалалық әкімдігінің көмегімен фестивальды бірігіп өткіздік, – дейді Кенжебек Үкіұлы.
Фестиваль шарты бойынша сахнаға шығатын қос әншінің бірі ардагер, екіншісі жас әнші болды. Және олар орындайтын шығармалар кең тараған ретро немесе халық әндері болуы керек деген талап қойылды. Мысалы, рудныйлық ардагер Жақсылық Кәкенов пен мектеп оқушысы Әбілхайыр Қанафин орындаған «Надо мной небо синее» әні өткен ғасырдың 50-ші жылдары «Сүйікті біздің дәрігер» фильмі арқылы халық арасына кең жайылған еді. Әр жұп залды өз ерекшелігімен қуантты. Осы фестивальда ән шырқаған өнерпаздың барлығы дерлік облыста кең өріс алған ардагерлер хорына қатысады. Белгілі музыка мамандары жетекшілік ететін хорларда ардагерлер ән айту өнерін кәдімгідей меңгеріп алады. Сондықтан, сахнаға шыққан жұптардың барлығы да көрермендер көңілінен шығып отырды.
– Әттең, аккордеон болмады, бұдан да жандырып жіберер едік, – деп алақанын ысып қояды әнімен көрермендерді желпінтіп тастаған зейнеткер Иван Ерманов.
Бәйгеде «бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген ғой. Қазылар алқасы бас жүлдені украин халқының «Два кольера» әнін құйқылжыта орындаған Любовь Фролова мен Владимир Алексанинге лайық деп шешті. Бірінші орынды «Счастья тебе, Земля» әнін айтқан Светлана Обухова мен Әмина Жұмағалиеваға берді. Екінші орынды Жеңіс Қожахметов пен Мұрат Шахманов, үшінші орынды Бибігүл Ыбыраева мен Әнуар Қасқабасов бөлісті.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ

Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Бүгін, 19:41
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Ғылым • Бүгін, 18:55
«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40