Елбасының жыл сайынғы халыққа Жолдауы биыл ерекше форматта көпшілік назарына ұсынылды. Ақмола өңірі де аталған маңызды құжатты ықыласпен қабылдап отыр.
Осыған орай, Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақ тілі және әдебиеті» ҚҰ төрағасы Мейрамбек Қиықов, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ғосман Төлеғұл және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Әлібек Баймағамбетов өз ойларын ортаға салып, Жолдаудан туындайтын міндеттерді ашып көрсетті.
Алдымен сөз алған М.Қиықов «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Елбасы Жолдауы тарихи құжат екендігін ерекше атады. Өйткені, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта екі жаңғыру жолынан өтсе, енді үшінші жаңғыруға аяқ басқалы отыр. Президент еліміз дамуы барысында 40-тан аса өкілеттіктерді Парламент пен Үкіметке беру туралы шешім қабылдады. Бұрын Үкіметті тарату немесе жасақтау Президенттің құзыретінде болса, енді бұдан былай бұл міндет Парламентке жүктелетін болады. Үкімет жоғары заң шығарушы орган алдында есеп береді. Бұл – атқарушы органның халық алдындағы жауапкершілігі күшейеді деген сөз. Осылайша қоғамның әрі қарайғы дамуында елімізде демократиялық үдерістің жүріп жатқандығы көрінеді. Олай болса, бұл баршаға үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бұдан кейін сөз алған Ғ.Төлеғұл маңызды құжаттың алғаш тікелей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етілгенін тілге тиек ете келіп, оның алдында билік тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлуге қатысты Үндеу жариялағандығын алға тартты. Оның айтуынша, бес басымдықты қамтыған Жолдауда Қазақстанның жаңа сапалық деңгейге көтерілгендігі айқын көрінген.
Аты айтып тұрғандай, Жолдау қазіргі заман талабымен үндес. Сондай-ақ, әлем өркениетімен де сабақтасып жатыр. Бұл тұрғыдан Елбасы жаңғыру «100 нақты қадам» Ұлт жоспары базасында өткізілетіндігін де атап көрсетті. Көптеген терминологиялар қазіргі заман талабымен астасып жатқандықтан, оның үстіне қамтымды да күрделі құжат болғандықтан, қарапайым тұрғындарға түсінікті тілмен жеткізу қажет. Кезінде В.И.Ленин «Кез келген идеология, егер бұқараның көңілінен шыққанда нақты күшке айналады», деп айтқанын тілге тиек ете келіп, Ғ.Төлеғұл Жолдауды да көпшілік жүрегіне жеткізу арқылы нақты нәтижеге иек артуға болатынын айтып өтті.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Ақмола облысы әкімдігі жанындағы «Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығы» МКҚК директоры Әлібек Баймағамбетов Президент Жолдауын жергілікті жерде насихаттай отырып, оның орындалуы барысына қатаң бақылау жүргізу қажеттігін алға тартты. Елбасы алға міндет етіп қойып отырғандай, жаңа технологияларды игермейінше, шикізат өңдеуші ел болып қала беретініміз анық. Сондықтан да ең алдымен өзіміз ширауымыз қажет, деді депутат.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Қазақстанда әуе таксиіне арналған алты порт салынады
Қоғам • Бүгін, 19:41
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Ғылым • Бүгін, 18:55
«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды
Спорт • Бүгін, 18:32
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Экология • Бүгін, 18:22
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Саясат • Бүгін, 18:12
Маңғыстауда мәслихат депутаты пластикалық операция кезінде қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 18:03
Эйфель мұнарасының баспалдағы 450 мың еуроға сатылды
Әлем • Бүгін, 18:01
Астанада ер адам 12-қабатта тұрған кішкентай баланы құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне 60 пәтердің кілті табысталды
Мәдениет • Бүгін, 17:50
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:22
Ауғанстанда балалар некесі заңдастырылып жатыр
Әлем • Бүгін, 17:20
Ұлттық банк: Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
Банк • Бүгін, 16:55
Депутат Hilton қонақүйіне қатысты дауды тексеруді талап етті
Оқиға • Бүгін, 16:40