«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия хатшысы Қаныбек Жұмашевтің қатысуымен, аймақтық партия кадрлық резервін қалыптастыру жұмысының қорытындысы бойынша брифинг болып өтті.
Бұған дейін 3,5 ай бойы, яғни 2016 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айы аралығында резерв қалыптастыру бойынша бірнеше кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілген болатын. Атап айтқанда, халыққа кең ауқымда түсіндіру, белгіленген талаптарға сай азаматтардан құжаттар жинау, оларды бастауыш партия ұйымдарының жиналыстарында ұсыну, тест сынағынан өткізу және әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Барлық іс ашық жағдайда ұйымдастырылды. Үміткерлер 2, яғни аймақтық және аудандық резервтер бойынша қабылданды.
Аудандық резервке үміткерлерге кем дегенде бір жыл партия мүшесі, жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес, жоғары білімді және партия саласында қызмет тәжірибесінің болуы сияқты талаптар қойылды. Ал бұрын-соңды қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылмау, жемқорлыққа жол беретін іс-әрекеттерге бармау және партиялық жазалауының болмауы барлық деңгей үшін міндетті талап болды.
Кадрлық резервке тұрғысы келген 6658 адам құжаттарын тапсырды. Тестілеу сынағынан кейін олардың 62 пайызы немесе 4148-і қалды. Аталған сынақ Конституция, партия Жарғысы, партия Доктринасы, Сайлауалды бағдарлама, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партия бағдарламасы бойынша білімін тексеретін 60 сұрақтан тұрды. Тиісті аймақтық комиссиялар өткізген әңгімелесу кезеңінен кейін 3052 үміткер іріктеп алынды. Бұл – тестілеу сынағынан өткендердің 73, ал құжат тапсырғандардың 46 пайызын құрайды. Іріктеудің үшсатылы кезеңінен сүрінбей өткен үміткерлер партия Саяси кеңесі аймақтық бюросының қаулысы бойынша бекітілді.
– Бүгінде аймақтық партия кадрлық резерві жасақталды. Соған сәйкес әр ауданда – 12, қалаларда – 15, облыс орталықтарында 25 үміткерден бар. Ал еліміз бойынша қатаң іріктеуден өткен 3052 үміткер бекітілді, – деді Қаныбек Жұмашев.
– Орталық аппаратта резервке алынғандарды қызметке ұсыну ісі бойынша ұдайы мониторинг жүргізіліп тұрады. Аталған база динамикалық түрде болады. Қазіргі таңда біз аймақтық партия кадрлық резервін дамыту бойынша бірқатар тапсырмаларды айқындап алдық.
Жақын арада резервке өкілдік және партиялық органдарға ұсынуға дайын,
қажетті талаптардың мейлінше жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын тиімді жүзеге асыруға мүдделі мамандар алынады.
Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
Әлем • Бүгін, 17:06
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Президент • Бүгін, 16:45
Қомақты аударымдар үшін неліктен биометриялық сәйкестендіру өту қажет?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Түркияда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды
Президент • Бүгін, 15:54
Кубада халық жаппай шеруге шықты: Елде жанармай қоры таусылған
Әлем • Бүгін, 15:53
Харрасмент жасағандар заңмен жазалана ма?
Қоғам • Бүгін, 15:43
Қазақстан Түркияға экспортты 630 миллион долларға дейін арттырмақ
Президент • Бүгін, 15:35
Қазақстанда 14-17 жастағы қыздарға адам папиломасы вирусына қарсы екпе салынады
Медицина • Бүгін, 15:20
Тоқаев Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 14:53
Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстан мен Түркия арасында «Мәңгілік достық туралы» декларация қабылданады
Президент • Бүгін, 14:29
Қазақстандағы алғашқы сталкер әйел: Полиция қандай мәлімдеме жасады?
Оқиға • Бүгін, 14:18