Президент • Бүгін, 15:35

Қазақстан Түркияға экспортты 630 миллион долларға дейін арттырмақ

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтті. Кеңесте Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастықты тереңдету мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Түркияға экспортты 630 миллион долларға дейін арттырмақ

Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 миллиард доллардан асқан. Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-саттықты әрі қарай жандандыруға қолайлы жағдай жасап, алыс-берісті әртараптандырудың маңызына тоқталды.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Түркияға қазірдің өзінде 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны – 630 миллион доллардан асады. Бұл ретте Мемлекет басшысы екі елдің қаржы орталықтары мен цифрлық сауда платформалары арасындағы серіктестіктің, сондай-ақ бүгін Астанада өтіп жатқан қазақ-түрік бизнес-форумының нәтижесі сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдете түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Кеңесте ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастыққа айрықша мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Tiryaki Agro қолға алған глютен мен крахмал өндірісін, Alarko Holding салып жатқан жылыжай кешенін мысалға келтірді. Түркия тарапына Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын жандандыру жөнінде 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын қабылдау ұсынылды.

Жиында қазіргі геосаяси жағдайда көлік-логистика саласының стратегиялық маңызы арта түскеніне назар аударылды.  Мемлекет басшысы бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне өзге елдердің қызығушылығы артып келе жатқанына тоқталып, түрік компанияларын Құрық, Ақтау порттары арқылы жүк тасымалын ұлғайтуды көздейтін жобаларға белсенді атсалысуға шақырды.

Сонымен қатар Президент Түркия бизнесмендерін шикізаттық емес жобаларды бірлесе іске асыруға үндеді. Бұдан соң Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады. 

 

Соңғы жаңалықтар