• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:36

Конгода Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді

Конго Демократиялық Республикасының шығысында Эбола індетінен қайтыс болған науқастың туыстары медициналық орталықты өртеп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Рвампара қаласында болған. Марқұм болған жергілікті футболшының жақындары оның денесін ауруханадан күшпен алып кетуге тырысқан. Бұған дейін олар Эболадан қайтыс болған адамдарды қауіпсіз жерлеу рәсімінен бас тартқан. Мамандар мұндай шешім аурудың таралу қаупін арттыратынын ескертіп, марқұмның денесін беруден бас тартқан.

Марқұмның анасы ұлының Эболадан емес, іш сүзегінен қайтыс болғанына сенетінін айтып, туыстарымен бірге медициналық палаткаларға өрт қойған. Шабуыл кезінде алты науқас қауіпсіз жерге көшірілген.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конгоның солтүстік-шығысында Эболаның өршігенін хабарлаған болатын. Осыдан көп ұзамай жаңа дерт белгілерінің Еуропада да пайда болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар