• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:00

АҚШ-та қанды қылмыскер өлім жазасынан құтылып кетті

АҚШ-тың Теннесси штатында өлім жазасына кесілген сотталушыны жазалау әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

57 жастағы Тони Каррутерс 1994 жылы 3 адамды ұрлағаны және өлтіргені үшін өлім жазасына кесілген. Үкім бейсенбі күні орындалуы керек болған. Алайда түзеу мекемесінің қызметкерлері бір сағат бойы катетер қоятын тамыр таба алмағандықтан, әрекет тоқтатылған.

АҚШ соты Рауль Кастроға ең ауыр жаза түрін тағайындауы мүмкін

Осы жағдайдан кейін Теннесси штатының губернаторы сотталушыға жазаны орындауды кейінге шегеру туралы шешім қабылдады. Енді өлім жазасын жүзеге асыру әрекеті тура бір жылдан кейін қайталанбақ.

Бұған дейін АҚШ-та ер адам лотереядан 18 рет ұтыс ұтып алғаны туралы жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар