• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жәдігер Бүгін, 09:00

Бағзыдан жеткен балбал тас

30 рет
көрсетілді

Өз заманында жер мен елді қорғаған батыр бейнесі – бүгінде тасқа айналған жәдігер. Маңғыстау өңіріндегі қарағанды қызықтыратын көп жәдігердің бірі – Үстірт жазықтығының Бәйті құдығының маңынан археологтер тапқан мүсін үлгісіндегі біздің дәуірімізге дейінгі ІV–ІІ ғасыр жауынгерлерінің портреттері.

– Үстірт жазығында орналасқан Бәйті-3 діни табыну орны ­­­­­­­­­­ХХ ­ғасырдың аяғында зерттелді. Бұл жерден 40-қа жуық адам бейнеленген балбал тастардың сынықтары, құрбандық тастар табылған. Балбал тастар батыр ата-бабаларының символдық мағынасын көрсеткен. Сондай-ақ үлкен тас құрылыс – ғибадатхана қалдықтары табылған. Бұл ескерткіштің диаметрі 19 метр, ішкі бөлмелердің биіктігі 3 метрге дейін. Құрылыстың сыртқы пішіні – күмбезді цилиндр, екі сатылы болып келеді. Күмбездің биіктігі 10 метрге дейін болған деп жорамалданады. Құрылыстың ішкі бөлмелері жоспарда дүниенің төрт бұрышына бағытталған, шаңбақ пішінді. Шаңбақтың ортасында кішкене дөңгелек залы орналасқан еденіне төртбұрышты құрбандық тас қойылған. Бәйті-3 діни табыну орны біздің заманымызға дейінгі V-I ғасырларда пайдаланылған. Ғимараттың ұзындығы 3 метр. Сыртқы қаптамалы қабырғасының құлап қалған қаланымдары мұқият өңделген, бiр-бiрiне қиюластырылған тас блоктары оның биiктiгiн 5 метр немесе одан да жоғары деп анықтауға мүмкiндiк бередi. Құрылыстың сыртқы формасы екi сатылық құрылымнан – цилиндр мен куполдан тұрады. Iшкi бөлмелер жоспары дүниенiң төртбұрышын нұсқаған жерiнде, айқыш сәулелер iшiнде еденге төрт бұрышты құрбандық шалатын тастан жасалған шағын от жағатын альтар қойылған дөңгелек залды құрайды, дейді «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ «Археология және сәулет» бөлімінің маманы Жадыра Аманбекқызы.

Маманның айтуынша, 1993–1998 жылдар аралығында жүргiзiлген ар­хео­логиялық зерттеулер нәти­же­­­­сiнде табылған табиғи сом тас­тар­­­дан қашалған жауынгерлер мүсiн­­дерi, оның антропологиялық ерек­ше­­лiктерi, ақинақ қанжарлары, қисық қы­лыштары, әшекейлерiнiң пiшiн­дерi бұл ескерткiштiң уақыты б.д.д. бірін­ші мыңжылдықтың екінші жар­тысына сәйкестiгiн дәлелдейдi. Ескерт­кiштiң сыртқы диаметрi 16 метр дөң­гелек пiшiндi, iшкi бөлмелерi тепе-тең шаңбақ тәрiздi дүниенiң төрт бұ­рышына бағышталып орналасса, қа­быр­ғалары мен iшкi еденi шеберлiкпен өңделiп, бiр-бiрiне қиыстырылып құрастырылған. Ескерткiштер 2003 жылы жергiлiктi дәрежеде мемлекеттiк қорғауға алынды.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар