Астанада жол жұмысының жүргізілуіне байланысты 22-24 мамыр аралығында Тұран даңғылы бойындағы жергілікті жол өткелі толықтай жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады», делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Астанада «Тәуелсіздік даңғылын (Әл-Фараби) жалғастыру құрылысы» жобасы аясында бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, 25 мамырдан бастап жыл соңына дейін Әл-Фараби даңғылы мен Фариза Оңғарсынова көшесінің қиылысында қозғалыс толықтай жабылады.