• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:25

Лифт ішіндегі қауіпті сәт: Бойжеткеннің сөмкесіндегі қуаттағыш құрылғы өртенді

Сургут қаласында қыздың сөмкесіндегі телефон қуаттайтын құрылғы кенеттен өртеніп кетті. Оқиға Крылов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбада иығына сөмке асқан қыздың лифтіге кіргені көрінеді. Бір сәтте сөмкенің ішінен түтін шығып, артынша өрт тұтанған.

Қатты қорыққан қыз жанып жатқан сөмкені жерге тастап, лифтіден шығуға әрекеттенген. Алайда сол уақытта сөмке жанып, жабық кеңістік түтінге тола бастаған.

Біраз уақыттан кейін ол лифтіден шығып үлгерген. Қыздың қазіргі жағдайы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына сөмкенің ішіндегі телефон қуаттайтын құрылғы себеп болған.

Айта кетейік, Шахтинск қаласындағы гараждағы өрттен кейін жасөспірімнің денесі табылды.

Вице-премьер Түркістан облысында 9 бала қаза тапқан өрттің себебін атады

Соңғы жаңалықтар