• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:07

Атырауда түрмеге күмәнді зат кіргізбек болғандардың заңсыз әрекетін қызметтік ит әшкереледі

Атырауда Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен Қылмыстық-атқару жүйесінің (ҚАЖ) комитетінің қызметкерлері түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды заңсыз кіргізу әрекетінің жолын кесті. Оқиға №15 мекемесінің бақылау-өткізу орнында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тексеру кезінде «Газель» маркалы көлік жіті қаралған. Ұландықтар «Шах» атты қызметтік-іздестіру иттің көмегімен көлік салонында күмәнді зат барын анықтаған. Нәтижесінде көлік салонындағы қалташалардың бірінен ішінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған пластикалық банка табылған.

Жалған нөмір таққандар енді түрмеге жабыла ма? Депутат қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды

Осылайша тыйым салынған заттарды режимдік нысан аумағына өткізу әрекеті дер кезінде тоқтатылды. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында құқық бұзушылыққа қатысы болуы мүмкін азаматтар тексеріліп жатыр.

Былтыр түрмеге әкелінген кір жуғыш ұнтақтан 11 телефон табылған.

Соңғы жаңалықтар