• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 12:45

Nvidia-ның табысы Германия экономикасынан асып түсті

30 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең қымбат технологиялық компания саналған Nvidia-ның нарықтық капитализациясы Германияның ішкі жалпы өнімінен асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы жылдары технологиялық алыптар мен трансұлттық корпорациялардың экономикалық көлемі тез өсіп келеді. Nvidia-ның нарықтық құны 2026 жылдың мамыр ортасында 5,7 трлн долларға жетті. Бұл компания қазір әлемдегі үшінші ірі экономика және Еуропадағы ең ірі экономика болып саналатын Германияның ішкі жалпы өнімінен де асып отыр. Халықаралық валюта қорының мәліметінше (ХВҚ),  елдің жылдық табысы 5,45 трлн долларды құрайды.

Nvidia – чиптері видеойындардан бастап жасанды интеллект жүйелеріне дейін қолданылатын АҚШ компаниясы. Ол 2025 жылдың қазанында алғаш рет 5 трлн доллар шегінен өтіп, 2026 жылдың мамырында 5,7 трлн долларға жетті.

Компания бұған дейін Жапония мен Ұлыбританияның экономикалық көлемін басып озған, енді Германияның 2026 жылға болжанған ІЖӨ-сінен де асып түсті.

Бүгінде нарықтық құны 20,81 трлн долларды құрайтын АҚШ-тың ең ірі бес компаниясы (Nvidia, Alphabet, Apple, Microsoft және Amazon) Еуропаның бес ірі экономикасының (Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия және Испания) ІЖӨ-сінен (18,14 трлн доллар) асып түскен.

Айта кетейік, осы аптада Ақ үй басшысы Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездесті. Бұл кездесулерге Nvidia бас директоры Дженсен Хуанг та қатысты. Наурызда ол жасанды интеллектке сұраныс артса, Nvidia сатылымы алдағы екі жылда 1 трлн долларға жетуі мүмкін екенін айтқан.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асатындығын атап өткен еді. 

Соңғы жаңалықтар