Ұлттық банк Ұлттық қор көлемі мен монетарлық алтын мөлшері туралы жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл сәуір айында Қазақстанның халықаралық резервтердегі монетарлық алтын көлемі наурызбен салыстырғанда 1,8%-ға өсіп, 52,7 млрд долларға жетті. Бұған дейін наурыз айында көрсеткіш 10,5% төмендеген еді.
Жыл басынан бері алтын қоры 11,5%-ға артты, ал өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 1,7 есеге көбейді (30,7 млрд доллардан).
Жалпы халықаралық резервтерде наурыздағы 9%-дық қысқарудан кейін 1,5%-ға өсіп, 67,8 млрд доллар болды.
Алтын бағасы рекорд жаңартты: Қазақстандағы ахуал қандай?
Еркін айырбасталатын валютадағы активтер 15,1 млрд долларға жетіп, бір ай ішінде 0,5%-ға өсті. Алайда жыл басынан бері бұл көрсеткіш 17%-ға төмендеген.
Таза сыртқы активтер де азая берді, бірақ төмендеу қарқыны баяулаған. Егер наурызда төмендеу 10,4% болса, сәуірде 0,8% болды. Олардың көлемі − 61,33 трлн теңгені құрады.
Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр
Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 3,9%, ал жыл басынан бері 1,5%-ға өсіп, 62,8 млрд долларға немесе 30 трлн теңгеге жетті. Еске салсақ, наурызда бұл көрсеткіштер тиісінше 4,86% және 2,34%-ға қысқарған болатын.
Сонымен қатар, Ұлттық қор қаражатының жалпы көлемі 0,4%-ға азайып, 36,38 трлн теңге болды.
Еске салайық, былтыр қараша айында еліміздегі алтын қорының көлемі 98 тоннаға артқан болатын.