Үкіметтің қаулысымен Сергей Евгеньевич Компаниец Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сергей Компаниец 1986 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Астана қаласының Мемлекеттік политехникалық колледжін, Басқару институтын, Академиялық инновациялық университетті және Джордж Вашингтон университетін бітірген.
2006-2009 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ-де жүйе технигі, директордың орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2009 жылдан 2011 жылға дейін «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-да департамент директоры және Премьер-министр Кеңсесінің «Алмас» РМҚК директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды
2015 жылдан 2020 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда, Шымкент қаласы әкімінің аппаратында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, сондай-ақ «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдан 2024 жылға дейін Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі, «Turkistan» АЭА БК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы, «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
2024 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Президент Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.