Нью-Йорктың түрмесінде өз-өзіне қол жұмсаған америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейннен зардап шегуі мүмкін адамдардан түскен арыздың саны шамамен 20-ға жетті. Бұл туралы Париж прокуратурасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Тергеудің мақсаты − Франция аумағында адам саудасына қатысты іс бойынша Эпштейннің қылмыстық әрекетіне көмектескен ықтимал делдалдарды анықтау.
«Қазіргі кезеңде жауапқа тартылуы мүмкін тұлғалардан жауап алынған жоқ», деді Париж прокуроры Лор Беко.
Оның сөзінше, ең алдымен ықтимал жәбірленушілердің арыздарын жинап, содан кейін заттай дәлелдемелерді зерттеу керек.
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Тергеудің соңғы кезеңінде Эпштейннің компьютеріндегі деректерге, оның телефонмен сөйлесу кезіндегі әңгімелері және мекенжай кітапшаларына сараптама жасалмақ.
Джеффри Эпштейн 2008-2009 жылдары жезөкшелік ұйымдастырғаны үшін жаза өтеген. Ол 2019 жылғы 6 шілдеде кәмелетке толмағандарды сексуалдық қанау айыбы бойынша қайта қамауға алынып, 10 тамызда Манхэттендегі түрме камерасында асылып қалған күйінде табылған.
2025 жылдың желтоқсанында Эпштейн ісіне қатысты құжаттардың алғашқы бөлігі жарияланды. Ал 2026 жылғы 30 қаңтарда АҚШ Әділет министрлігі «Эпштейн файлдарынан» тағы 3 миллионнан астам бет, 2000 бейнежазба және 180 мың суретті жария етті.
Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
Бұған дейін АҚШ-та енді ең ауыр қылмыс жасағандарға қатысты ату, электр орындығы және газбен тұншықтыру әдістері қолданылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.