ШҚО-ның Катонқарағай ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізуге арналған жер учаскелері бір жыл бойы өз мақсатында пайдаланылмаған.
«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жалпы ауданы 2092,6 га, кадастрлық құны 17,7 млн теңгені құрайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды», делінген хабарламада.
82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды
Жер ресурстарының нысаналы пайдаланылуы мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында тұр.
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды