Қоғам • Бүгін, 17:05

Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

80 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» ұсынған болжамға сәйкес, маусым және тамыз айлары әдеттегіден ыстық болады. Қазақстан аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болуы мүмкін. Елдің оңтүстігінде кей күндері ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Фото: Ашық дереккөз

Синоптиктердің мәліметінше, маусым айында елдің басым бөлігінде күн әдеттегіден жылы болады. Ал шығыс өңірлерде және солтүстік-батыстың шеткі аймақтарында температура қалыпты деңгейде сақталады. Күндіз ауа температурасы +30...+38 градустан +15...+20 градусқа дейін құбылып тұрады. Оңтүстікте кей күндері аптап ыстық +45 градусқа дейін жетеді.

Сонымен қатар ыстық күндерді салқын ауа райы алмастырып, нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болжанған. Елдің солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда 10 маусымға дейін түнгі және таңғы уақытта үсік жүруі мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, шілде айы бірқалыпты ыстық болады. Температура елдің басым бөлігінде +18...+24 градус, оңтүстікте +25...+30 градус, ал оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы өңірлерінде +9...+17 градус шамасында болады.

Тамыз айында Қазақстанның басым бөлігінде ыстық ауа райы күтіледі. Температура климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.

Үсік пен аптап ыстық: Елімізде ауа райы күрт өзгереді

«Қазгидромет» мамандары жаз мезгіліндегі жауын-шашын көлемі жалпы алғанда қалыпты деңгейде деп болжап отыр. Алайда жауын мөлшері маусымда – оңтүстік-батыста, солтүстік пен орталықтың кей аудандарында, шілдеде – батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, тамызда – оңтүстік-батыс, орталық және оңтүстік пен шығыстың кей аймақтарында қалыпты мөлшерден аз болуы мүмкін.

Синоптиктер маусымдық болжамның алдын ала кеңес сипатында жасалатынын, яғни нақты емес екенін еске салды. Кейін ол айлық, онкүндік, апталық және тәуліктік нақты болжамдармен толықтырылып отырады.

Айта кетейік, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады.

Соңғы жаңалықтар