Қылмыс • Бүгін, 10:05

Перизат Қайраттың қоры арқылы пәтер үлестірмек болған кәсіпкерге қатысты тергеу жүріп жатыр

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Сүйіншәліге қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Перизат Қайраттың қоры арқылы пәтер үлестірмек болған кәсіпкерге қатысты тергеу жүріп жатыр

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2021-2024 жылдар аралығында күдікті «Nura Elite» коттедж қалашығын салу сылтауымен азаматтардан қаражат тартқан. Жоба аясында 37 коттедж және 24 таунхаус салу жоспарланғанымен, бүгінгі күні нысандар толық аяқталмаған.

Сатып алушылармен алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалып, нәтижесінде 56 адам жәбірленуші ретінде танылды. Тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құрайды. Тергеу барысында оның 322 млн теңгесі күдіктінің, сондай-ақ оның жақын туыстарының есепшоттарына аударылғаны, ал 145 млн теңгесі қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған.

«Мәселен, жәбірленуші толық төлеген коттедждің бірі күдікті тарапынан жеке міндеттемелері бойынша кепілге қойылып, кейін үшінші тұлғалардың атына рәсімделіп, бірнеше рет қайта сатылған. Сүйіншәлі Мөлдір сатып алушылармен іс жүзінде жер учаскелеріне құқық беруді көздейтін шарттар жасасқан, алайда оларды иеліктен шығаруға заңды құқығы болмаған. Үлескерлердің қаражатының бір бөлігі Астана қаласында «Асылхан» тұрғын үй кешенін салуға арналған жертелімін сатып алуға жұмсалған», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді

Бұдан бөлек, құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, күдікті Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры арқылы мұқтаж азаматқа пәтер берілетіні туралы ақпарат жарияланған. Алайда іс жүзінде тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмаған.

Соңғы жаңалықтар