Елорда • Кеше

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Осыған байланысты Абай даңғылының Республика даңғылынан А. Сембинов көшесіне дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Фото: Istockphoto.com

Астана әкімдігі мәлімдеуінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

 Астана әкімдігі

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлау және уақытша енгізілетін қозғалыс өзгерістерін ескеру сұралып отыр.

Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады

Қала билігі жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатынын атап өтті.

122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?

 

Соңғы жаңалықтар