Ауа райы • Бүгін, 09:20

Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 сәуір республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік және орталық облыстарда жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, сондай-ақ 28 сәуірде елдің орталығында түнгі уақытта 3°С-қа дейін үсік жүреді деп күтіледі.

Күндіз республика бойынша ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

  • Батыста – +15...+20°С дейін;
  • Солтүстік-батыста – +17...+25°С дейін;
  • Солтүстікте – +21...+26°С дейін;
  • Орталықта – +21...+30°С дейін;
  • Шығыста – +19...+27°С дейін;
  • Оңтүстікте – +25...+34°С дейін;
  • Оңтүстік-шығыста – +22...+27°С дейін.

Астанада күн ашық болып, жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы күндіз шамамен +17…+18°C, ал түнде +7…+8°C жылы болады.

Алматыда күн ашық, күндіз +18…+20°C шамасында, түнде +7…+10°C сақталады.

Ал Шымкентте ауа райы жылы әрі құрғақ болып, күндіз температура +25…+28°C дейін көтеріледі, түнде +14…+16°C болады. Кей жерлерде жел күшеюі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар