• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 28 Сәуір, 2017

Хабар-ошарсыз кеткендердің балалары қорғаусыз қалмауы тиіс

200 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті үстіміздегі жылдың 24 ақпанында «Хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бойынша құқық қорғау органдарының қызметін нормативтік-құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді. Осында айтылған кейбір мәселелерге орай біз Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, онда жоғалған азаматтардың және олардың туыстарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды одан әрі жетілдіру мәселесіне назар аударған едік.

Бүгінгі күннің ақиқатын және технологиялық жаңа­лық­тарды ескере отырып, ха­бар­сыз кеткендердің орна­лас­қан жерін уәкілетті орган­дар­мен тез арада табу тәжі­ри­бе­сіне және жедел-іздестіру мен процессуалдық шаралар­ды кешенді қолдануға қара­мас­тан, бұл тетік тұрақты же­­тілдіруді қажет етеді. Алай­­да, жедел-іздестіру қыз­ме­­тінің іске қосылған те­ті­гінің ағынында хабарсыз кет­кен­дер­дің және олардың туыс­та­ры­ның құқықтары мен заңды мүд­делерін қорғау мә­селелерін ұмы­тпауымыз қажет. 

Қазіргі таңда адам жоғал­ған жағдайда аталған факт тір­келеді және жедел-іздестіру қыз­метінің барлық шаралары жүргізіледі. Бірақ бұл рет­те тіркеу нөлдік позиция бо-

йынша жүзеге асырылады, яғни Қылмыстық кодекстің жеке тұлғаға қарсы нақты бабына сілтеме жасалмайды. Біздің ойымызша, осы сот тал­қылауы аясында хабар­сыз кеткен тұлғаның асы­ра-

у­ын­дағыларды істің мән-жа­йы анық­талғанға дейін «жәбір­ле­нушілер» деп тану туралы мә­селені қарау мақсатқа сай болады. Осы адамдардың атал­ған мәртебесі қылмыстық-про­­цестік заңнаманың аясында жә­бірленушілерге зиянды өтеу қо­ры арқылы олар­дың заңды құ­қықтары мен мүд­делерін қор­ғауға мүм­кін­дік береді.

Атап өтетін жайт, «Жәбір­ле­нушілерге зиянды өтеу қо­ры туралы» Заңның жобасы Парламент Мәжілісінің қа­ра-

у­­ында жатыр. Біздің ойымыз­ша, төлемдер бюджеттік қа­ра­жат­тан жүзеге асырылып, асырау­шысын жолғалту бойынша әлеу­меттік жәрдемақыларға те­ң­естірілуі тиіс. Одан басқа, хабарсыз кеткен ата-аналарды іздестіру күнінен бас­тап кәмелеттік жасқа тол­ма­ған балаларға уақытша қам­қоршылық белгілеу тура­лы мәселе шешілмеген күйін­де қалмауы керек, себебі, осы кезең аралығында олар­дың мүдделерін білдіру заң­на­ма­лық деңгейде реттелген жоқ. Сон­дай-ақ, заңнамалық акті­лер­де ата-аналарды іздестіруге тек жақын туыстарының өті­ніш білдіру құқығын көздейтін нор­маны ғана емес, сонымен қатар, ата-аналардың қам­қорлығынсыз қалған бала­лар мен жетім балалар ме­ке­ме­ле­ріндегі балалардың заңды өкіл­дерінің өтініш білдіру құ­қы­ғын көздейтін норманы ен­гіз­уді мақсатқа сәйкес болады деп есептейміз.

Бүгінгі күні балалар үйіне тү­сетін балалардың көбінесе жа­қын туыстары жоқ немесе олар баланың одан арғы тағ­дырына қызығушылық біл­дір­мейді, ал ата-аналардың қам­қорлығынсыз қалған ба­ла­­лар мен жетім бала­лар үшін білім беру ұйым­да­­ры бас­шыларының мұн­дай құ­қық­тары жоқ. Сон­дық­тан, Үкі­мет жоғары­да бая­н­да­л­ған­дарды жә­не қоз­ғал­ған мә­се­ленің маңыз­ды­лы­ғын ескере отырып, осы бастаманы іске асыру мәселесін ағымдағы заңнамалық қызмет аясында қарастырса жөн болар еді.

Серік АҚЫЛБАЙ,

Сенат депутаты

Соңғы жаңалықтар