• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:45

Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім 9,7%-ға азайды

20 рет
көрсетілді

Былтыр жол-көлік оқиғалары салдарынан 51 мыңнан астам адам зардап шеккен. Дер кезінде көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында өлім көрсеткіші – 9,7%-ға төмендеген, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда – 14,4%-ға көп.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ЖКО мен зардап шеккендер санының өсуіне қарамастан өлім деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Өлім көрсеткіші 2024 жылмен салыстырғанда – 9,7%-ға азайған.

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі айда жол апатынан 10 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғаларының үштен бірі Алматы қаласы (8954) мен Алматы облысында  (5987) тіркелген. Өңірлер бойынша Жамбыл облысы (3276), Ақтөбе облысы (3053) және Атырау облысы (2785) жол көлік оқиғасы болған. Жедел медициналық жәрдем қызметінің деректері бойынша жарақаттар бойынша түскен шамамен 796 мың шақыртудың 44 мыңы жол-көлік оқиғаларымен байланысты.

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция басшылары қызметінен босатылды

Жедел жәрдем бригадаларының келуінің орташа уақыты халықаралық ұсынымдарға сәйкес келеді және қалада шамамен 8 минутты, ауылдық жерлерде 9 минутты құрайды.

Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

«Алтын сағат» қағидаты шеңберінде зардап шеккендер 34 минуттың ішінде медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Бұл өлім деңгейін төмендетуде және жарақат салдарының ауырлығын азайтуда шешуші рөл атқарады.

Соңғы жаңалықтар