• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Парламент 28 Сәуір, 2017

Легионерлерге жұмсалатын ақша өзін ақтап жүр ме?

140 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасымен еліміздің Бюд­жет кодексіне, «Салық жә­не бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) жә­не «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізі­леді. Атап айтқанда, Ұлттық оли­мпиада комитетіне 2018 жыл­ғы 1 қаңтардан бастап дене шынықтыру және спорт саласындағы мем­ле­кеттік тапсырманы алуға және оған қатысуға құқық беруді көздейді. Сондай-ақ, спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу ұсынылды. Уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдарға қосымша міндеттер беріледі. 

Заң жобасындағы бірқатар ережелер бойынша қызу пікір­сай­ыс өрістеді. Сенаторлар Жабал Ерғалиев пен Әли Бек­таев шетелдік легионерлерді тар­ту­ға кететін елеулі қаржының шы­­ғысына алаңдаушылық біл­дірді. Депутаттардың айтуын­ша, аймақтардағы спортты қар­жыландыруға бөлінетін қар­жы­ның 40-50 пайызы кәсіби футбол топтарына беріледі. Деген­мен, дене шынықтыру және спорт саласындағы футбол мен спорттың кейбір басқа түрлерінің нәтижесі төмен деңгейде қалып отыр.

Біздің еліміздегі легионер­лерге бөлінетін қаржының жал­пы сомасы туралы депутат Владимир Редкокашиннің қой­ған сауалына Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков нақты жауап бере ал­мады. Министрдің орынбасары кәсіби футбол клубтары бюджетінің жабықтығын айта отырып, клубтардың мем­лекет қаржысы есебінен қар­жы­­ландырылатынын жеткізді. Министрлік өкілі спорттың же­ке­леген түрлері бойынша ле­гио­н­ерлерді тарту өзін өзі ақтап отырғанын айтты.

Сенаторлар Жабал Ерғалиев, Әли Бектаев және Серік Бек­тұр­ғанов ұлттық спорт түр­ле­рін қолдауға шақырып, об­лыс­тардағы дарынды балаларға ар­налған спорттық мектеп-интер­нат­тарға қалған қаржыны беру үде­рістеріне назар аударды.

Пікірсайысты қорытындылай ке­ліп, Әлеуметтік-мәдени даму жә­не ғылым комитетінің төрай­ымы Бірғаным Әйтімова қа­был­дан­ған ережелер осы саланың ай­­қын­дығын қамтамасыз ете­тініне, олимпиадалық жә­не па­ра­лимпиадалық қо­з­ға­лыс­тар­ды, ұлттық спорт түрлерін да­мытуға жағдай туғызатынына үміт артатынын жеткізді. 

Заң жобасы палатаның қарау­ына жіберілді.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар