Руханият • 10 Желтоқсан, 2025
Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына ұсынылады
Бір ізгі адамның ұшқыр ойының, шексіз қиялының жемісі бүкіл әлемге серпін беріп келе жатқанына бір ғасырдан астам уақыт болды. Нобель аталған бұл сыйлық қазір адамзат қоғамына өз саласы бойынша айтарлықтай үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Осыған дейін беделді сыйлық экономика, химия, физика, әдебиет сынды көптеген саладағы үздік мамандарды марапаттап, олардың қоғамға қосқан үлесін жұртқа жария етті. Ал соның ішінде бейбітшілік саласы бойынша берілетін Нобель сыйлығы жыл сайын қоғамның назарын аударып келеді. Атының өзі айтып тұрғандай, бұл марапат жай адамға бұйырмасы анық. Себебі оны иелену үшін істеген ісің мен қоғамға қосқан үлесің бүкіл әлемдік аудиторияда мойындалуы шарт.
Басылым • 10 Желтоқсан, 2025
Астанадан шалғайдағы ақындардың үні елордадан естіле бастады. Әдебиет пен кітапқа бетбұрыстың бір белгісі шығар, аймақтарда сөз ұстап, жырдың туын құлатпай жүрген ақын-жазушылардың кітаптары мемлекеттік тапсырыспен шығып, таныстырылымы Ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатқаны.
Руханият • 10 Желтоқсан, 2025
Төмендегі оңды жаңалықты оқырманға ұсынбас бұрын, осыдан төрт жыл бұрынғы оқиғаға ораламыз. 2001 жылы Жетісу өңіріндегі «Арқарлы асуынан табылған петроглифтер қиратылып жатыр» деген мәселе көтеріліп, бұған қоғам белсенділері де араласып, көне жазбалар қорғау ісі Үкіметтік деңгейде шешімін тапқан болатын. Осылайша, жекеменшіктің қолындағы жерден табылған Арқарлы жазбалары шаруашылық жұмыстары кезінде жойылып кетуден аман қалғаны есімізде.
Руханият • 10 Желтоқсан, 2025
Сыр бойы – ежелден ұлт руханиятының қазыналы шаңырағы. Сонау көне дәуірден бастап бұл өлкені даналыққа құштар жандар мекендеді. Ұлы даланың дана қариясы Қорқыт та, Желмаясымен Жерұйықты іздеген Асан қайғы да, кешегі күллі қазаққа жыр маржанын төккен ақын-жыраулар да осы киелі жерден қанаттанып, өмірде өшпес із қалдырды. Сол ұлы көштің жалғасы ретінде ел еркіндігіне өлшеусіз қызмет еткен ұланның бірі – Досмұхамед Кішібекұлы еді.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Алматы облысы кейінгі жылдары білім, ғылым, өнер және спорт салаларында ел бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. Республикалық және халықаралық олимпиадалардағы жүлделі орындар, үздік университеттерге қабылданған түлектер санының артуы – осы ойымызға дәлел.