Саясат • 10 Желтоқсан, 2025
Көпшілікке көмегі тиген «Қарызсыз қоғам»
«Amanat» партиясында «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру барысы қорытындыланды. Үш жыл бұрын партия халықтың қаржылық сауатын арттыру және азаматтардың несие жүктемесін азайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізу мақсатында барлық жауапты мемлекеттік органдардың, банктердің және өзге де қаржы ұйымдарының ресурсын бір арнаға тоғыстырды. Жоба тұтас ел аумағында жүзеге асырылды. Биыл 860 мыңға жуық ел азаматы оқудан өтіп, оларға кәсіби көмек көрсетілді.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Тұрғын үй: Жұрт көңілі неге алаң?
Жаңа Салық кодексі қолданысқа енеді дегелі жұртшылық тұрғын үй бағасына алаңдаулы. Үкімет жүйедегі жаңа өзгерістер, соның ішіндегі қосылған құн салығы баспана бағасына әсер етпейді деп сендіргенімен елдің көңілі – елең-алаң. Әсіресе баспанаға мұқтаж қарапайым халықтың дені ҚҚС үйдің бағасын тіптен шарықтатып жібереді деген пікірде.
Қаржы • 10 Желтоқсан, 2025
Несиені төлей алмасам, не болады?
Заңгер Рауан ЕСБЕРГЕН жауабы: – Несие алып, төлей алмай қиналып жүрген адам өте көп. Бірі жұмыссыз қалса, бірі сырқаттанып, шығынға батады. Күтпеген жағдайда табысынан айырылатындар да бар. Бірақ бәрінің көкейінде бір ғана сұрақ маздап тұрады: «Кредит төленбей қалса не болады?». Осыны ашық ұғынып алмаса, он есе қатты уайымдайды. Сондықтан толық түсіндіріп берейін.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Ауыл жастарын қанаттандырған жоба
Ауыл жастарының көзіндегі үміт ұшқынын маздатқан «Ұлт қазынасы» жобасы үш айлық жұмысын табысты аяқтады. Бұл бастама – ауылдан түлеген әрбір ұл-қыздың үлкен арманға құқылы екенін дәлелдеген әлеуметтік бағдарлама ретінде бағалы, салмақты.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025
Дәстүрге жат есімнің сұрауы бар ма?
Елімізде жыл сайын 12 мыңға жуық адам аты-жөнін өзгертеді. – Ол қыздың аты – Уэллуэй. – Уэллуэй? Уэллуэй деген есім қандай мағына береді өзі? – Шыңғыс хан шешесінің аты екен. – Шыңғыс хан шешесінің аты Өэлүн емес пе еді? Уэллуэйі несі? Үйдегі ұл мен қыздың осындай екеуара әңгімесін құлағым шалып отыр. Жуырда өзім де Бекертуған деген есімді кездестіріп, кей адамдардың іштен шыққан баласына тумай жатып қатыгез болатыны несі, әлде перзент құтаймаған біреу ме екен дегендей ойға шомып жүрген едім. Бірақ жүз жерден ырымшыл болсаң да, онсыз да тауқыметі көп тірлікте адамның есімі тағдырына ықпалы бар екеніне күмәніңіз болмасын.