Әскер • 10 Желтоқсан, 2025
Резервтік қызметке қабылдау басталды
Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қорғаныс министрлігі халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындағаны айтылған. Заң қабылданды. Қазір Абай облысында азаматтарды үш жылдық келісімшарт негізінде резервтік әскери қызметке қабылдау басталды.
Сұхбат • 10 Желтоқсан, 2025
Арман Әсенов: Сарбаз бесаспап болуы керек
Қай заманда болсын армияның айбары оның озық қару-жарағымен ғана емес, ең алдымен саптағы сайыпқырандарының өр рухымен әрі жасын жігерімен өлшенген. Бұл болашақ Отан қорғаушы жастардың әскери қызметке дене дайындығымен қоса, ішкі рухани-патриоттық сезімі кемелденген күйде келуінің маңызды екенін көрсетеді. Осы орайда бүгінде Қарулы Күштеріміздің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы жемісті еңбек етіп келеді. Жуырда ғана мекеменің 10 жылдық мерейтойы аталып өтті. Біз осы іс-шара қарсаңында орталық бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсеновпен әңгімелескен едік.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Цифрлық педагогика: Жасанды интеллект дәуіріндегі ұстаз рөлі
Қоғамның даму үдерісі цифрлық технологиялардың ықпалымен жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жасанды интеллект барлық саланың қозғаушы күші, еліміздің инновациялық дамуының, цифрлық дербестігінің тірегі екенін атап өтті. Президенттің: «Алдағы бес жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат. Себебі біз жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдаланатын ел болуымыз қажет», деген тапсырмасы бізге үлкен жауапкершілік артып, мол мүмкіндік беріп отыр. Жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау, онлайн-оқыту платформалары білім жүйесінің табиғатын түбегейлі өзгертіп жатыр. Осындай трансформация дәуірінде ұстаздың рөлі қандай болмақ? Бұл сұраққа жауап іздеу – бүгінгі педагогикалық университеттердің басты ғылыми-әлеуметтік міндеті.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Жас буын тәліміне бетбұрыс қажет
Әлемге әйгілі бабамыз Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деген екен. Сол аталы сөзді ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән беріп, ұдайы көңіл бөліп отырғандықтан, еліміздің білім саласында сең қозғалғандай серпінді бетбұрыс жасалды.
Білім • 10 Желтоқсан, 2025
Ерекше балаларды дамытатын қосымша
Барлық бала қандай да бір ерекшелігіне қарамастан, сапалы білім алуға құқылы. Қолданыстағы «Білім туралы» заңына сай солай. Бірақ іс жүзінде бұлай бола бермейтіні бар, бұл ретте саладағы кемшілік пен маман мәселесі алдымыздан шығады. Жақында осы олқылықтың орнын толтыруға таптырмайтын қос қосымша таныстырылды.