Экономика • 10 Желтоқсан, 2025
25 мың орындық стадионның құрылысы басталды
Семей – қазақ футболының отаны. Олай дейтініміз, 1913–1914 жылдары қалада алғашқы клубтар – «Олимп», «Ласточка», «Орлята», семинаристердің «Жарыс» («Ярыш») клубы құрылды. Соның құрамында жас талап Мұхтар Әуезов те өнер көрсеткені белгілі. Енді, міне, бір ғасырдан кейін сол тарихи қалада 25 мың орындық жаңа стадион салынатын болды.
Ғалам ғажаптары • 10 Желтоқсан, 2025
Физиктердің арасында «бір бөлшектің барлық қасиетін бір уақытта бақылауға бола ма?» деген сұрақ көп жылдан бері талқыланып келе жатыр. Эйнштейн бұған «мүмкін» десе, Бор «квант әлемі ондайға рұқсат бермейді» деген тұжырым айтқан.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2025
Қазақ музыкасының жаһандық қуаты
Әлем музыкасында Димаш Құдайберген есімі ерекше құрметпен айтылады. Оның дауысы – құбылыс, шығармашылығы – қайталанбас ізденіс, сахнадағы әрбір сәті – тыңдарманға рухани күш сыйлайтын өнер мерекесі. 2025 жыл Димаштың жанкүйерлері үшін тарихи кезең болды. «Stranger World Tour» тек концерттік сапар ғана емес, қазақ өнерінің жаһан сахнасындағы абыройы мен беделіне айналды. Күні кеше ғана Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (IOM) тарапынан Жаһандық ізгі ниет елшісі мәртебесіне иеленгені және бар.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2025
Еуразиялық логистикалық парк ашылды
Алматы облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі бойында жаңа Еуразиялық логистикалық парк ашылды. Құлжа тасжолына жақын орналасқан нысан өңірдің «Шығыс қақпасы» инфрақұрылымдық аймағына кіріп, Алматы мен облыстың кеңістіктік дамуындағы маңызды логистикалық хабқа айналады.
Спорт • 10 Желтоқсан, 2025
Таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында өткен әлем чемпионатында тағы бір саңлағымыз Батырхан Төлеуғали жаһан үздігі атанды. Кенияның Найроби қаласын дүбірге бөлеген әлем чемпионатында жерлесіміз 87 кг салмақта сынға түсті. Соңғы айқаста ирандық Мохаммед Ализаданы айқын жеңді. Бұған дейін Бейбарыс Қабылан (+87 кг) әлем чемпионы атанса, Тамерлан Тілеулес (63 кг) қола медаль еншілеген болатын.