Жоба • 21 Қараша, 2023
Жағдайды жақсартатын жеті дағды
Елорда әкімдігінің ұйымдастыруымен JOLTAP жобасы аясында «Freelance мүмкіндік» қысқамерзімді оқыту бағдарламасының екінші легі басталды. Жобаның мақсаты – жұмыссыз жастарға жол көрсету, халықтың табысын арттыру. Осыған орай жоба азаматтарға қазіргі нарықтық сұранысқа сай жеті түрлі цифрлық мамандықты тегін үйретеді.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңінен баяндап, журналистер тарапынан қойылған бірнеше сұраққа жауап берді.
Жануарлар • 21 Қараша, 2023
Елімізде ерекше көбейген ақбөкен санын жасанды жолмен реттеу туралы шешім шыққанына бір ай болды. Кей өңірде арзан ет дүкен сөрелеріне түсіп, халыққа ұсынылып жатыр. Біз осы жұмыстың қалай жүріп жатқанын көзімізбен көріп қайтқан едік.
Қазақстан • 21 Қараша, 2023
Ел тарихы мен дамуында жаңа бір бетті ашып берген кезектен тыс Президент сайлауының өткеніне бір жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында қазіргі геосаяси жағдайда мемлекеттілікті нығайтып, реформалар мен жаңару бағдарын нық ұстану қажеттігін алға тарта келіп, президенттік мерзімнің санын бір мерзімге дейін қысқартуды және президенттік мерзімін бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайтуды ұсынды. 2022 жылғы 20 қарашада өткен Президент сайлауы еліміздің алдағы 7 жылдағы саяси даму бағытын айқындап берді. Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл сайлау «барлық саяси жүйенің түбегейлі жаңғыруына әкелетін сайлау циклін бастады».
Білім • 21 Қараша, 2023
Іргелі оқу орнындағы ілкімді істер
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне 80 жыл толды. Осы айтулы оқиғаға орай оқу орнында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиынға Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чун, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, шетелден келген делегаттар, еліміздің ғалымдары, түрлі лауазымдық қызмет атқарып жүрген университет түлектері қатысты.