Кино • 21 Қараша, 2023
Түрік кинолары қазақ қоғамына таңсық емес. Түбі бір елдердің салты мен дәстүрі, мәдениеті мен өркениеті ұқсас болған соң, киноөндіріс саласында да байланыс мығым. Осы орайда өткен аптада елорда төрінде «Түрік фильмдері апталығы» өтті. Мәдени іс-шараны Түркия Мәдениет және туризм министрлігі кинематография басқармасының қолдауымен Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырды. Апталық бауырлас екі ел арасында күннен-күнге дамып келе жатқан мәдени қарым-қатынастың өрісін кеңейту мақсатында өткізілген.
Жәдігер • 21 Қараша, 2023
Ғылыми ортада «Үржар ханшайымы» деген атымен белгілі археологиялық құнды қазынамыз осыдан жиырма жыл бұрын Абай облысы Үржар ауданы аумағын көктей өтетін Таскескен – Бақты тасжолын жөндеу кезінде кездейсоқ табылған еді. Яғни жаңалықтың ашылуын кездейсоқ жағдайда туындаған оқиғаның жемісі деуге болады.
Өнер • 21 Қараша, 2023
Қарағанды қарашығындағы қараша
Жақында Қарағандыда ерекше поэтикалық кеш өтті. Несімен ерекше десеңіз, баяғы қалыпты бұзып, жаңаша серпіліс сыйлағанымен. Өлең оқығанымен қоса, ақындар кешті әнмен әрледі. Бір сағатқа жуық уақыт Қарағандыдағы әдеби ортаның қалыптасу кезеңін көрерменнің көз алдына әкелді.
Руханият • 21 Қараша, 2023
Мың тоғыз жүз тоқсан алтыншы жылдың мамыражай жазы болатын. Ол кезде әлеуметтік желі деген атымен жоқ. Бар қазақ республикалық бірнеше басылымның бетіне қараймыз. Және қай газетте қандай тілші еңбек етіп жатқанын, оның қалам сілтесі қалай екенін назардан тыс қалдырмаймыз. Осы жылдары қазақ баспасөзінің қасқа нары – Марат Қабанбаев еді. Өз басым бұл қаламгердің жазған-сызғанын қалдырмай оқушы едім.
Әдебиет • 21 Қараша, 2023
Кейде таңғы кофеңді ішіп отырып, әдебиетке ақын атанып келген Гогольдің алғашқы өлеңдері сынға ұшырап, оларды көз көрместей қылып отқа жаққан қаламгердің «Ревизорды» жазарына сол уақытта ешкім нанбағанына таңғаласың. Қуаты сұмдық құбылыстың алғашқы қадамы түкке тұрғысыз болғанын қазір ешкім сенбес.