Үкімет • 21 Қараша, 2023
Өңір депутаттары халықпен тығыз байланыста
Биыл көктемде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткені белгілі. Бұл сайлауды Президент ұсынған саяси реформалардың жалғасы деуге әбден болады. Ең басты ерекшелігі – ел арасында беделі бар, белсенді тұлғалардың саясатқа келуіне, қоғамдық ықпалына жол ашылғандығы.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Павлодар: Төтенше жағдай салдары
Сенбіден жексенбіге қараған түні Павлодар облысында жылдамдығы секундына 37 метрге дейін жететін сұрапыл дауыл тұрып, жергілікті инфрақұрылымдар мен электр бағандарына, коммуналдық және тұрғын үй ғимараттарына зақым келді. Төтенше жағдайдан Екібастұздағы жылу-энергия орталығының қазандықтары да істен шықты. Кеше облыстағы 3 қала мен 6 аудан төтенше жағдай режімін жариялады.
Қазақстан • 21 Қараша, 2023
Мәдениет – халықтарды байланыстырушы көпір
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында IX Халықаралық мәдени форум өтті. 16-18 қараша аралығында ұйымдастырылған басқосуда 70-тен астам елдің делегациясы мәдениет пен өнер саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Шығармашыл зиялы қауымның кездесуіне Қазақстаннан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысты.
Пікір • 21 Қараша, 2023
Саяси реформалар дәйекті жалғасады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграмдағы ресми парақшасында елдегі саяси ахуалға қатысты пікір білдірді. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламаларында айтылған мәселелер орындалып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Президентке халықтың сенімі жоғары екеніне тоқталды.
Қоғам • 21 Қараша, 2023
Мазмұны ұлттық таныммен қабыспайтын жарнама
Әлемді тұтас өзіне табындырып отырған жарнаманың қазақ еліндегі халі қалай? Қазақ тілін қорлайтын қате жарнамадан аяғыңды алып жүре алмайтын қаладағы жыларман жағдай сейіліп-сетінейді деген сенім соңында жүргенде, ақыр соңында жылдан жылға қазақы реңі қашып бара жатқан жарнама мазмұны ұлттық танымнан біржола алыстауға бет бұрғандай.