Байқау • 21 Қараша, 2023
Орал қаласында «Бата дарып, бақ қонсын!» атты батагөйлер байқауы өтті.
Денсаулық • 21 Қараша, 2023
Таңсәуле Серіков: Балаларды обырдан сақтауға ерекше көңіл бөлу керек
Қазір әлемде обыр дертінен опық жеп жатқандардың қатары азаймай тұр. Оның ішінде біздің еліміз де бар. Сонымен бірге мүгедектігі бар азаматтарға кедергісіз орта құру – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Аталған жұмыстарды жетілдіре түсуге атсалысып жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ауыл ХДПП» фракциясының мүшесі Таңсәуле Серіковке бірнеше сауал қойып көрген едік.
Экономика • 21 Қараша, 2023
«Qyzyljar» АЭА: Тынысы мен тірлігі
2019 жылдың қазанында Премьер-министрдің Қаулысымен Петропавл қаласының аумағында «Qyzyljar» атты Арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ (АЭА) құрылды. Арнайы аймақ 2044 жылға дейінгі кезеңде әрекет ететін болады. Бұл – еліміздің аумағында құрылған 13-арнайы аймақ, бөлінген жер көлемі – 212,3 гектар. Оның мақсаты – инвесторларға түрлі жеңілдіктер мен преференциялар жасай отырып, тауар өндірушілерді Петропавл қаласы мен солтүстік өңірдің экономикалық дамуына тарту. Негізінен, жеңілдіктер мен преференциялардың өзі де инвесторлар үшін өте тартымды. Атап айтқанда қазіргі заманға лайық тауар өндіріп, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлер корпоративті табыс, жер, мүлік салықтарынан мүлде босатылады. Импорттық ҚҚС-да төлемейді. АЭА аумағына жеткізілетін шикізат пен құрал-жабдықтар кеден салығынан босатылады. Жерді пайдаланғаны үшін ешқандай жалдау құнын төлемейді. Осының үстіне дайын инфрақұрылымдарды да қолданады. Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін жалдауға жеңілдетілген тәртіп жасалған.
Медицина • 21 Қараша, 2023
Медицина мамандары иммундық жүйені зақымдайтын АИТВ инфекциясы туралы халықты ақпараттандыру жұмыстарына мейлінше араласып жатыр. Бұл инфекция адамның иммундық жүйесін зақымдаумен шектелмей, ауру тіптен асқынса, мұның соңы жұқтырылған иммун тапшылық синдромына (ЖИТС) соқтырады.
Құқық • 21 Қараша, 2023
Тұтынушылар құқы туралы не білеміз?
Өмірдегі әртүрлі оқиғаларда өз құқын лайықты деңгейде білмеген азаматтар күрмеуі көп күрделі мәселеге тап болып жатады. Мұндай келеңсіздіктердің құрбанына айналғандардың басым бөлігі – өз құқынан бейхабар тұтынушылар. Сатушы мен тұтынушының қарым-қатынасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес, тараптардың міндеттері мен жауапкершілігін жан-жақты сипаттайтын нормативтік құжатқа сәйкес жүзеге асуына мұқият мән беріңіз.