Көрме • 05 Желтоқсан, 2023
Орал қаласындағы «Атамекен» өнер орталығында белгілі суретші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Суретшілер одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қайыр Оразғалиевтің «Сылдырап өңкей келісім…» атты жеке көрмесі ашылды.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Моңғолияның Баян-Өлгей қаласында Халықаралық ақындар айтысы өтті. Айтыс ақыны, қоғам қайраткері Мұрат Пұшатайұлының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Моңғолия елдерінен барлығы 22 айтыскер ақын қатысты.
Тағзым • 05 Желтоқсан, 2023
Академик Рахманқұл Бердібай биігі
Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті фольклортанушы, академик, қоғам қайраткері Рахманқұл Бердібайдың өмірі мен ғылыми мұрасына арналған «Ұлтын ұлықтаған ғұлама» атты ғылыми жиын өтті.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2023
Әдебиетке зор дайындықпен келіп, 11 роман, 22 хикаят, 100-ден аса әңгіме секілді мол мұра қалдырған қабырғалы қаламгер Дүкенбай Досжанның шығармаларын оқығанда оның үш ерекшелігі бар екенін байқадық. Біріншісі – бұрын әдебиетте сирек көтерілген құм тағдыры, кісінің еңсесін езіп, иығын басқан ауыр бейнеті сөз болады. Екіншісі – табиғат пен адам мінезінің экологиясы – адам жан дүниесінің табиғи ортамен қосыла жұтауы, табиғаттан бірте-бірте кіндігі ажырап бара жатқаны егіз өріледі. Үшіншісі – жиі қалам тартылмаған мистикалық сарынға, магиялық меңзеуге еркін бойлап, ой мен оқиғаның көркемдік тінін тауып, философиядан өрмек тоқиды.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Халықаралық волонтерлер күніне орай елімізде қысқы мейірімділік акциясы басталды. Бұл туралы халықаралық волонтерлер симпозиумында айтылды. Іс-шарада шетелдік спикерлер әлемдегі волонтер қызметінің жағдайын талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Олардың айтуларынша, мұндай жиындар волонтерлік қауымдастықты нығайтуға мүмкіндік береді.